Меню CARMA.KZ

Қазақстан нарығында қытайлық қандай автомобильдер бар

Биылғы қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда қытайлық автомобильдердің ең жоғарғы бағасы 14,6 млн теңгені құрады. Ұсыныстардың дені — кроссоверлер мен жол талғамайтын көлік сегментінде.

Қазақстан нарығында қытайлық қандай автомобильдер бар / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Қазақстан нарығында қытайлық қандай автомобильдер бар / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

«Қазақстан нарығында ресми түрде ұсынылған қытайлық көлік брендтердің саны 2019 жылы екеу болса, 2022 жылдың тамызында алтау болды. Жаңа автомобильдер саудасында қытай автомобильдерінің үлесі 2019 жылғы 1,96%-дан 2022 жылдың тамызында 6,55%-ға дейін жетті», — деп атап өтті Автонарықты талдау және мониторингілеу орталығы өзінің «Қазақстан нарығындағы қытайлық автомобиль брендтерінің ұсыныстары» шолуында.

АТМО шолуынан белгілі болғандай, Қазақстанда жаңа автомобильдер нарығындағы импортталатын брендтердің жиынтық үлесі сатылған техниканың жалпы көлемінің 30-35%-ын құрайды.

«Осы көлемнің негізгі бөлігі Ресейде шығарылатын Toyota, VW, Nissan, Renault автомобильдерін жеткізу арқылы қамтамасыз етілді. 2022 жылдың көктемінде бірқатар қазақстандық дилер қытайлық көлік өндірушілердің ұсыныстарымен жұмыс істеуге ойысу қажеттігін ұқты», — деп жазады Орталық.

Зерттеуде «қазақстандық нарықта әр жылдары қытай брендтері тарапынан орнығу әрекеті болды: автомобильдер Ресейдегі және Белоруссиядағы зауыттармен қатар, Қытайдан тікелей жеткізілді. Алайда Lifan, Geely және Chery брендтерінің жағдайы секілді, олардың да саудасы тоқтады» делінген.

Дей тұрғанмен, АТМО сарапшыларының пікірінше, қытайлық көлік өндірушілерін еліміздің нарығы қашан да қызықтырады. Соның бір дәлелі, 2015 жылы Қазақстанда JAC автомобильдерінің өндірісі жерсіндірілген болатын.

«2022 жылы нарығымызда қытайлық брендтер санының артқаны байқалды. Олардың кейбірі Қазақстанда басқа дистрибьютормен қайтып оралды (мысалы, Chery, сондай-ақ Geely-дің де сондай жоспары бары белгілі болды), ал басқалары болса (Exeed пен FAW жеңіл көліктері) нарыққа алғаш келіп отыр, — деп атап өтеді шолуда.

АТМО-ның деректері бойынша, сонымен қатар еліміздің автомобиль нарығында биыл көп ойыншылар брендтер қоржынын қайта құрып шықты. Оған себеп — Ресей Федерациясы аумағында орналасқан көлік зауыттарынан ресейлік, еуропалық, жапон маркаларын жеткізудің азайып кетуі.

«Қаңтар мен шілде аралығында Ресейден Қазақстанға автомобиль жеткізу былтырғымен салыстырғанда төрттен бірге қысқарды. Осыдан соң ірі ойыншылардың қоржындарындағы еуропалық және жапон маркаларының үлесі Қазақстанда жерсіндірілген, сондай-ақ Қытайдан тікелей жеткізілетін модельдермен алмастырылды», — деп бағамдайды АТМО сарапшылары.

2022 жылдың тамызындағы жағдай бойынша, елімізді жеңіл автомобильдер нарығында ресми түрде 6 қытайлық брендтің — Chery, JAC, Exeed, Haval, Bestune и Changan-ның 24 моделі ұсынылады.

«Қазақстанда ұсынылған еуропалық және жапон маркалары автомобильдерінің модельдік қатарын толтыруға қатысты ойыншылар арасында болжамдар болмағандықтан, қытай брендтерінің нарықтық жиықтық үлесі өсіп келеді», — деп атап өтеді есепте АТМО.

Сарапшылардың пікірінше, «алдағы уақытта, Қазақстанда жұмыс істеп тұрған алаңдарда өндірістік қуаттардың артуы, сондай-ақ қытай маркаларының жеңіл автомобильдері мен коммерциялық техникасын шығаруға маманданған қосымша қуаттарын салу және іске қосу жерсіндірілген автомобильдердің жиынтық саудадағы нарықтық үлесін арттыруға негіз бола алады».

Биылғы қыркүйектегі жағдай бойынша, еліміздің нарығындағы қытай брендтері автомобильдерінің қолжетімді ұсыныстары бойынша орташа минималды баға 14,6 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар ұсыныстардың дені құны 10 млн-нан 20 млн теңгені аралығындағы кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктер сегментіне шоғырланған. Қазақстанда жаңа автомобильдерінің сауда үлесінің көбі дәл осы баға категориясына тиесілі. Қытай автомобильдері бұл категорияда уақытқа жеткізілмей отырған немесе азғантай көлемде жеткізіліп жатқан VW Tiguan, VW Taos, Nissan Qashqai и X-Trail, Toyota RAV4 секілді модельдерді алмастыруда.

 

Вадим Григорьев

Вадим Григорьев, журналист
17.10.2022, 12:39