Қазақстандық автонарықтағы көлеңкелі импорт 2021 жылы артып отыр
2021 жылғы 11 айда «көлеңкелі» автомобильдердің арасалмағы ресми дилерлер саудалаған жеңіл көліктердің 13%, немесе 12,58 мың бірлікті құрады.
Автонарықты талдау және мониторингілеу орталығы есебінен алынған мәліметтер бойынша, нарықтағы «көлеңкелі» автомобильдердің үлесі 3%-ға артқан. 2018 жылдан 2020 жыл аралығында бұл көрсеткіш нарықтың 10%-ын құрады.
Бұған ірі ойыншының өз жұмысын тоқтатуы, автомобильдерге әлемдегі пайда болған тапшылық, дилерлерде белгілі бір модельдердің болмауына байланысты нарықта ұсыныстың азаю әсер етіп отыр. Сонымен бірге қажетті төлемдерді есепке алатын болсақ кейбір автомобильдерді елдің өз ішінен емес, шетелден әкелген тиімдірек (аталған жағдайда кепілдік қызмет көрсету (егер көлік автосалоннан сатып алынған болса) сатып алынған орны бойынша жүзеге асырылатын болады).
«Көлеңкелі» импорттағы негізгі үлесті Toyota — 26% (3,3 мың бірлік), екінші орындағы Hyundai — 17% (2,2 мың бірлік) және үшінші орындағы KIA — 14% (мың бірлік) автомобильдері құрайды. Барлығын қосқанда аталған 3 брендке «көлеңкелі» көліктің 57% тиесілі.
Ресми автодилерлер саудалайтын автомобильдерге «көлеңкелі» автомобильдердің үлкен көлемдегі пайызы Mercedes-Benz-те 125%-ды құрайды, бұл дилер саудалаған әрбір автомобильге дилерлік орталықтан тыс сатып алынып, Қазақстанға импортталған 1-ден артық автомобиль тиесілі деген сөз.
Екінші орында Mitsubishi — 55%, яғни әрбір ресми түрде саудаланған 2 автомобильге 1 «көлеңкелі» импортталған автомобильден келеді. Үшінші орында Lexus — 38%. Toyota бренді бойынша, ресми дилер саудаланған 5 автомобильге 1 «көлеңкелі» автомобильден келетінін айту керек.
АТМО зерттеулерімен Орталықтың сайтынан толығырақ танысуға болады.
Лев Павлов, корреспондент
05.07.2022, 11:03