Меню CARMA.KZ

АвтоВАЗ шетелдік көліктерді құрастыру мүмкіндіктерін қарастырып жатыр

Қыркүйекте ресейлік көлік концернімен бірлескен кәсіпорын құруға Иран қызығушылық танытқан болатын.

АвтоВАЗ шетелдік көліктерді құрастыру мүмкіндіктерін қарастырып жатыр / Фото: vedomosti.ru
АвтоВАЗ шетелдік көліктерді құрастыру мүмкіндіктерін қарастырып жатыр / Фото: vedomosti.ru

АвтоВАЗ Ресейде шетелдік көліктерді ірі тораптық құрастыруды жолға қою мүмкіндіктері жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.

Агенттік АвтоВАЗ президенті Максим Соколовқа сілтеме жасап отыр. Ресей парламенті отырысының сыртында журналистер одан ресейлік көлік алпауытына шетелдік концерндерден Тольяттиде және Ижевскіде өз көліктерін құрастыру жөнінде ұсыныс түсті ме деп сұраған.

«Келіссөз процесін жүргізіп жатырмыз, АвтоВАЗ үшін және жалпы ресей автомобиль өнеркәсібі үшін бұл қаншалықты тиімді болатынын қарап жатырмыз», — деген Соколов РФ-ға нақты шетелдік қандай компаниялар келетінін атамады.

АвтоВАЗ-дың көлік құрастыратын екі кәсіпорны бар. Оның бірі — Lada Niva, Granta және Largus шығаратын Тольяттидегі зауыт болса, екіншісі — күні кешеге дейін Lada Vesta шығарылып келген (ол енді Тольяттиде шығарылады) Ижевскідегі зауыт. Жоспарға сәйкес, Ижевскіде алдағы уақытта электрлі e-Largus шығарылмақшы. Осы екі өндірістік алаңның нақты қайсысына шетелдік компаниялардан ұсыныс түскені белгісіз.

Десек те АвтоВАЗ-да шетелдік концернмен жұмыс істеген тәжірибе бар. Бұған дейін ол Тольяттиде Logan және Sandero модельдерін құрастырған француздың Renault ынтымақтастықта болды. Француз концерні биылғы мамыр айының соңында АвтоВАЗ-дағы үлесін Көлік-мотор ғылыми институты мекемесіне табыстап, Ресейден кетіп қалды, бірақ Renault 6 жыл ішінде акцияларды кері сатып алу опционын өзіне сақтап қалып отыр.

Сонымен бірге биылғы қыркүйектің соңында Renault-ның Ресейге қосалқы бөлшектерді қайта жеткізе бастағаны мәлім. АвтоВАЗ бен оның еншілес «Лада-Имидж» компаниясы — Ресей Федерациясына осы марканың көліктері үшін қосалқы бөлшектер жеткізетін жалғыз дистрибьюторы атанған еді. Дегенмен бұл компания санкцияларға байланысты жақын аралықта Ресейде бұрынғыша құрастыруды қайта қалпына келтіруге бел шеше қоймас.

Сол себепті де қандай да бір еуропалық компанияның АвтоВАЗ-бен ынтымақтасуы екіталай. Демек, ресейлік БАҚ не қытайлық, не ирандық өндірушімен келіссөз жүргізілуі мүмкін екенін айтады. Әрі биылғы қыркүйек айында Иранның қосалқы бөлшектер өндірісі қауымдастығының төрағасы Наджафи Манеш Ресеймен көлік құрамдастарын шығаратын және көлік құрастыратын бірлескен кәсіпорындар құруға ниетті екендіктерін білдірген болатын.

Манеш сол кезде екі ел де Renault-мен бір уақытта жұмыс істегендерін еске салып өтті: Иранда француз компаниясы Iran Khodro және Saipa Group секілді екі серіктесімен бірлесіп 2003 жылдан бастап автомобиль шығарумен айналысты. Алайда бұл елдегі өндірісті 2019 жылы тоқтатуға мәжбүр болды. АҚШ Иранға қарсы санкцияларды күшейткеннен кейін, Renault оған тап болудан қауіптеніп, ирандық өндірушілермен бірлескен жобалардан шығып кетті.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
19.10.2022, 13:14