Меню CARMA.KZ

Иран Ресейге бірлесіп қосалқы бөлшектер шығаруды ұсынды

Санкцияда отырған екі елдің де француздың Renault көлік концернімен жұмыс істеген тәжірибелері бар.

Иран Ресейге бірлесіп қосалқы бөлшектер шығаруды ұсынды / Фото: Iran Khodro
Иран Ресейге бірлесіп қосалқы бөлшектер шығаруды ұсынды / Фото: Iran Khodro

Иранның қосалқы бөлшектер өндірісі қауымдастығының директорлар кеңесінің төрағасы Наджафи Манеш Ресеймен көлік құрамдастырын шығаратын бірлескен кәсіпорын құруға ниетті екендіктерін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

«Иран мен Ресейдің инвесторлары, банктерінің қатысуымен бірлескен өндіріс, оның ішінде екі елдің нарықтарына арнап бөлшектер шығаратын кәсіпорын құрсақ жақсы болар», — деп келтіреді ресейлік басылым Манештің сөзін.

Оның айтуынша, ирандық өндірушілер бірнеше салада ынтымақтастыққа дайын. Оның біріншісі — Ресейге қажетті автокөлік бөлшектерін экспорттау, екіншісі — Иранға қажетті автокөлік бөлшектерін Ресейден әкелу, үшіншісі — нақты бірлескен көлік шығару.

Бірінші бағыт бойынша Теһран Мәскеуге қауіпсіздік жастықтары, тежегіш төсемдері, рульдік дөңгелектер мен шанақтарды қоса алғанда, 2 мыңдай өндірістік бөлшектерді ұсынуға дайын. Иран Ресейде жасалған автокөлік қозғалтқыштары мен автокөлік тежегіш бөлшектеріне қызығушылық танытып отыр.

«Автомобильде үш мыңға жуық бөлшектер пайдаланылады, біз екі-екі жарым мыңдайын шығарамыз, сондықтан біз екі елдің мүмкіндіктерін біріктіруіміз керек, әсіресе екі ел де Renault-пен жұмыс істегендіктен және біз осы маркадағы автокөліктерге қажетті бөлшектерді айырбастай аламыз», — деп қосты қауымдастық басшысы.

Renault Ресейге 1998 жылы келіп, Renault мен Мәскеу үкіметінің бірлескен кәсіпорны — «Автофромос» компаниясын құрды. Сол кезде «Москвич» ААҚ аумағы стратегиялық серіктестікке қосылды. 2005 жылы компания толық циклді Renault автомобильдерін құрастыра бастады.

2004 жылы француздық компания Мәскеу үкіметінің «Автофрамос»-тағы үлесін ішінара сатып алып, 26% акцияға ие болды. 2006 жылы Renault өз үлесін 94,1%-ға дейін ұлғайтты, ал 2012 жылдың қарашасында ол компанияны толығымен сатып алды, 2014 жылы «Автофрамос» зауыты «Рено Россия» ЖАҚ атауын алып, француздар АвтоВАЗ-ға да кірді.

Renault биылғы мамырдың соңында Ресейден кетті, ал компания «Рено Россия» зауытын Мәскеу үкіметінің қарамағына, ал АвтоВАЗ-дағы үлесін (67,7%) ФМУК ҒАМИ-ге (Федералды мүлікті басқару агенттігіне тиесілі) берді, дегенмен француз концерні 6 жыл ішінде акцияларды кері сатып алу мүмкіндігін сақтап қалды.

Иранда  Renault 2003 жылдан бері екі серіктес — Iran Khodro және Saipa Group-пен бірлесіп автокөліктер шығарды. 2019 жылы АҚШ Иранға қарсы санкцияларды күшейткеннен кейін өндіріс мәжбүрлі тоқтады. Ал Renault болса, санкцияға ұшырамас үшін, ирандық өндірушілердің жобаларынан шығып кетті.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
30.09.2022, 15:29