Шілдеде Қытайдан автомобиль экспорты рекордтық көрсеткішке жетті
Барлығы жыл басынан бері Қытай 1,5 млн автомобиль экспорттады.
2022 жылдың шілдесінде Қытайдан автомобиль экспорты 290 мың машинаны құрады. Бұл былтырғы шілдемен салыстырғанда 67%-ға және 2022 жылғы маусыммен салыстырғанда 16,5%-ға көп.
Энергияның жаңа көздеріне лайықталған автомобильдер экспортының көлемі шілдеде маусыммен салыстырғанда 90%-ға артып, 54 мың бірлікті құрады, деп жазады «Синьхуа новости» басылымы.
Қытайдың автомобиль өндірушілері қауымдастығының деректері бойынша, 2022 жылдың қаңтары мен шілдесі аралығында Қытай 1,51 млн көлік экспорттаған. Олардың жартысынан көбі — жеңіл автомобильдер.
2022 жылдың қорытындысы бойынша Қытайдан көлік құралдарының экспорты 2,4 млрд көлікке жетеді деп болжанып отыр.
2022 жылдың қаңтары мен маусымы аралығында Қазақстанда қытайлық брендтердің 3 мың автомобилі сатылған. Солардың ішіндегі ең көп сатылғаны — JAC (1 231 көлік) пен Chery (995 көлік).
Сондай-ақ қазақстандыққа нарыққа қытайлық Changan брендінің келетіні белгілі болды.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
12.08.2022, 15:06