Қытайлық автоөнеркәсіпті Қазақстан нарығы қызықтырады
2022 жылдың алғашқы жартысында Қазақстанда қытайлық өнеркәсіптен шыққан 3 мыңға жуық машина сатылды.
Автонарықты талдау және мониторингілеу орталығының деректері бойынша, 2022 жылдың қаңтары мен маусымы аралығында Қазақстанда 2 981 қытайлық автомобиль сатылған:
JAC — 1 231 машина;
Chery — 995;
HAVAL — 499;
EXEED — 256.
Салыстыру үшін айтар болсақ, 2021 жылдың бірінші жартысында Қазақстанда биылғымен салыстырғанда қытай машиналары өте аз сатылған. Ол кезде отандық нарықта 1 395 автомобиль сатылған:
JAC — 1 034 машина;
HAVAL — 361.
Chery қазақстандық нарыққа 2021 жылдың желтоқсанында келді. Ол кезде компания отандық нарықта 59 автомобилін сатқан. EXEED автомобильдері Қазақстанда 2022 жылғы сәуірдің соңында пайда болды. Ал маусымда бренд 133 машина сатып сұранысқа ие 10 автомобильдердің қатарына енді.
2022 жылғы шілденің соңында Chery Automobile-дің еншілес кәсіпорны — Jetour қазақстандық нарыққа шығуды жоспарлап отырғаны белгілі болды. Компания 2026 жылға қарай әлем бойынша 1 млн автомобиль сатуды көздейді, оның 200 мыңын экспортқа шығармақшы.
Jetour қазақстандық нарыққа қашан және қандай модельдермен шығатыны әзірге белгісіз.
Қытайлық автомобиль өндірушілерін тек Қазақстан емес, Ресей де қызықтырады. «Автостат» деректері бойынша, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Chery мен HAVAL Ресейде көп сатылған 10 автомобильдің қатарына енді. Олар жергілікті автонарықтың 3,6%-ын еншілейді. Егер өзге брендтер 2022 жылы саудада 2 еседен артық төмендеу көрсеткен болса, Chery мен HAVAL жағдайы біршама жақсы болды. Оларды сауда көлемі сәйкесінше 20% және 18%-ға азайды.
Ал егер Ресейде ұсынылған үздік 25 брендті қарастыратын болсақ, онда тек қытайлық EXEED 2021 жылдың қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда оң динамика көрсетті. Бұл машиналардың саудасы 3,5 есеге өсті.
Сонымен қатар, 2022 жылдың екінші тоқсанында Ресейде 101 дилерлік автоорталық жабылып, 59-ы ашылды. Барлық дерлік жаңа келісімшарттар қытайлық компаниялармен жасалған. Көшбасшы EXEED болды, ол Ресейде 3 айда 13 жаңа орталық ашты. FAW дилерлік желісі 9 орталыққа, Cherys — 7, Geely's —5, Haval және JAC әрқайсысында 2 жаңа дилерге көбейді.
Сонымен қатар, Chery автодилерлерінің абсолютті саны бойынша ресейлік нарықты дамытуда көшбасшы болып табылады, оның Ресей Федерациясындағы ресми өкілдіктерінің желісінде өткен жылдың желтоқсанында 150 орталық бар болды.
Жақында қытайлық GAC кроссоверлері Ресей нарығында қайта пайда болатыны белгілі болды. «Қытайлық автомобильдер» порталының хабарлауынша, GS5 және GS8 алғашқы партиялары Ресейге келіп жеткен.
Ербол Казистаев, корреспондент
01.08.2022, 13:00