Меню CARMA.KZ

Шілдеде Қытайдан автомобиль экспорты рекордтық көрсеткішке жетті

Барлығы жыл басынан бері Қытай 1,5 млн автомобиль экспорттады.

Шілдеде Қытайдан автомобиль экспорты рекордтық көрсеткішке жетті / Фото: Shutterstock
Шілдеде Қытайдан автомобиль экспорты рекордтық көрсеткішке жетті / Фото: Shutterstock

2022 жылдың шілдесінде Қытайдан автомобиль экспорты 290 мың машинаны құрады. Бұл былтырғы шілдемен салыстырғанда 67%-ға және 2022 жылғы маусыммен салыстырғанда 16,5%-ға көп.

Энергияның жаңа көздеріне лайықталған автомобильдер экспортының көлемі шілдеде маусыммен салыстырғанда 90%-ға артып, 54 мың бірлікті құрады, деп жазады «Синьхуа новости» басылымы.

Қытайдың автомобиль өндірушілері қауымдастығының деректері бойынша, 2022 жылдың қаңтары мен шілдесі аралығында Қытай 1,51 млн көлік экспорттаған. Олардың жартысынан көбі — жеңіл автомобильдер.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қытайдан көлік құралдарының экспорты 2,4 млрд көлікке жетеді деп болжанып отыр.

2022 жылдың қаңтары мен маусымы аралығында Қазақстанда  қытайлық брендтердің 3 мың автомобилі сатылған. Солардың ішіндегі ең көп сатылғаны — JAC (1 231 көлік) пен Chery (995 көлік).

Сондай-ақ қазақстандыққа нарыққа қытайлық Changan брендінің келетіні белгілі болды.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
12.08.2022, 15:06