«ҚазМұнайГаз» басшысы мен энергетика вице-министрі отын тапшылығы үшін сөгіс алды
Үкіметтегілер елімізде отын тапшылығына жол бермеу үшін қандай шаралар қабылдайтындарын айтты.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев пен энергетика вице-министрі Әсет Мағауовқа сөгіс жарияланып, Энергетика министрлігі мен «ҚМГ»-ның бірнеше қызметкері жұмыстан босатылды.
«Отандық мұнай базалары дизель отынын бөлшек құнынан жоғары бағада сатқан фактілер тіркелді, бұл өңірлерде отын сату көлемінің қысқаруына әкеп соқты, өйткені ЖҚС-ке оны сатып алу пайдасыз болып қалды. Сонымен қатар «ҚазМұнайГаз», Petrosun компаниялары мен мұнай өңдеуші зауыттар тарапынан өнімді дайындау, маркетингісі мен логистикасында жүйелі кемшіліктер мен қателіктер жібергені анықталды», — делінеді үкіметтің хабарламасында.
Үкіметтің сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Роман Склярдың басшылық етуімен еліміздің барлық өңірінде дизель отынымен іркіліссіз қамтамасыз ету жөнінде комиссия жұмысын бастаған. Осы комиссия транзиттік көліктің көбеюі мен бағадағы айырмашылыққа байланысты Қазақстанда елден дизель отыны сыртқа тасылуына байланысты отын тұтыну ұлғайып отырғанын анықтаған.
Мысалы, Қазақстанда дизель құны литріне 230-260 теңгені құраса, Өзбекстан, Қырғызстан мен Ресейдің жанармай құю станцияларында баға 440 теңгеге дейін барады.
Жағдайды реттеп, ішкі нарықты ЖЖМ-мен толықтай қамтамасыз ету үшін бірқатар жедел әрі ұзақмерзімдік шаралар қабылданған:
- биыл дизель өндіру көлемі 5,2 млн тоннаға дейін арттырылды, бұл 2021 жылға қарағанда 340 мың тоннаға көп;
- мұнай өңдеуші зауыттардан дизель жөнелту көлемі ұлғайтылды;
- «Самұрық-Қазына» қоры мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ дизель отынының қосымша көлемін жеткізу туралы келісті;
- Шымкент МӨЗ-інің өндірістік қуаттылығын кеңейту жоспарланған;
- 2023 жылдан МӨЗ-дерді жаңа жұмыс тәсіліне кезең-кезеңмен көшіру көзделген, оның аясында зауыттарға мұнайды кен орнын пайдаланушылардың өздері немесе МӨЗ-дер тікелей сатып алу арқылы жеткізіледі.
Сондай-ақ Энергетика министрлігі мен ірі ЖҚС желілері қазақстандықтардың отын босату мәселелеріне қатысты шағымдарын қабылдауға арналған жедел желіні іске қосты.
Азаматтар келесідей телефон нөмірлері бойынша хабарласа алады:
- +7 (7172) 78 69 55;
- +7 (708) 812 02 31;
- telegram/whatsapp–+7 (708) 812 02 31.
Qazaq Oil және ҚазМұнайГаз:
- call-center– 9911;
- telegram/whatsapp– +7 (771) 046-46-46;
- Instagram –azs_qazaq_oil.
Sinooil:
- call-center– 8-800-070-01-80;
- instagram–kz.
Helios:
- Telegram / WhatsApp: +7 (777) 708-00-39
- Instagram: helios_kz
- Қалалық телефондар үшін: helios.kz/kontakty
Газпромнефть:
- call-center– 8-800-080-10-08;
- instagram: gazpromneft_kz.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда отын тапшылығын тудырмас үшін дизельге дииференциалды тариф енгізілді. Қазір ол шетел азаматтары үшін литріне 450 теңге тұрады. Дизель отыны лимит бойынша босатылад, яғни жеңіл көліктер үшін тәулігіне 100 литр және жүк көліктеріне тәулігіне 300 литр.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
31.08.2022, 17:58