Меню CARMA.KZ

Nissan

Nissan motor (Nissan Motor Co., LTD) — Nissan және Datsun брендтерінің жеңіл, жүк көліктері мен автобустарын шығаратын жапондық өнеркәсіптік корпорация. Ол сондай-ақ спорттық қайықтарды, байланыс жер серіктерін және т.б. шығарады. Штаб-пәтері Токиода орналасқан.

1914 жылы — Токиодағы Kwaishinsha Motor Car компаниясында жұмыс істеген үш инженер Ден, Аояма және Такеучи жолаушылар көлігінің дизайнын жасап, оны өз есімдерінің бірінші әріптерімен — DAT деп атады.

1916 жыл — өндіріс Токиодан Осакаға көшті (Лиламен біріктірілгеннен кейін). Сол кезде DAT-41 моделі шығарылып жатты, бірақ компания негізінен жүк көліктерін шығарды.

1925 жылы — екі компания: Kwaishinsha Co (1911 жылы негізі қаланған және DAT автомобильдерін шығаратын) және Jitsuo Jidosha Co (1919 жылы құрылған) біріктірілді. Жаңа компания Dat Jidosha Seizo Co деген аталды.

1931 жыл — жеңіл автокөліктер өндірісін қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Датсон моделі пайда болды, ол сөзбе-сөз «Даттың ұлы» дегенді білдіреді. Кейін «ұлы» деген жұрнақ «күн» (күн, Жапонияның ұлттық символы) болып өзгертілді және 1983 жылға дейін Datsun брендімен автомобильдер шығарылды. Бұл кезде компания Tobata/Imono деп аталды.

1933 жыл — Тобата/Имоно Нихон Саньомен біріктіріліп, Джидоша Сейзо құрылды.

1934 — Джидоша Сейзо Nissan Motor Co деп өзгертілді. Сол сәтті шыққан ең тиімді модель деп танылған Nissanocar пайда болды.

1937 жыл — Компания Graham жабдығында жолаушылар вагондарын құрастыруды меңгерді.

1945-50 жж. — Компанияның кәсіпорындарын басқыншылар басып алып, өндіріс ұзақ уақытқа (шын мәнінде 1955 жылға дейін) тоқтатылды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде негізінен жүк көліктері мен армияның мұқтаждығына арналған басқа көліктер шығарылды. Осылайша, 1946 жылы Datsun пикабы шығарылды, ал 1946 жылы Austin лицензиясы бар модельдердің жаңа сериясы шығарылды.

1951 жыл — толық жетекті Patrol шығарылды, оның тарихы 4W60 моделінен басталды. Кейінгі 50 жыл ішінде бұл машина бірнеше рет жаңартылды. Жол талғамайтын көліктің жақсы жүргізу қабілетінің дәлелі оның ралли-рейдтердегі, соның ішінде беделді Париж-Дакар, Париж-Мәскеу-Бейжің, Париж-Кейптаун және т.б. жеңістері болып табылады.

1955 жыл — компания автомобиль компаниясы ретінде орнықты деп айтуға болады – конвейерден Datsun 110 және 120 сериялық модельдері шығарыла бастады.

1960 жыл — осы жылдан бастап Datsun брендімен жапон нарығына арналған пикаптар және кейбір экспорттық модельдер шығарылды.

1961 жыл — компания АҚШ-қа автокөлік экспорты бойынша бірінші орынға шықты. 1960 жылдары Nissan Prince Motors және Murayama-ны басып алып, Жапониядағы автомобиль өндірісінде екінші орынды (Toyota Motor Corp-тен кейін) иеленді. Компания сонымен қатар үлкен серпін жасап, барлық нарықтарға, бәрінен бұрын Америка нарығына кіріп алды (модельдер негізінен американдық тұтынушыға лайықталып жасалды).

1969-79 жж. — Жапониядан тыс өндіріс орындарын құрылды. 1969 жылы АҚШ-та саудалауға арналған Nissan / Datsun 240Z спорттық көлігі шығарылды. Еуропалық нарықтарға бейімделгеннен кейін ол өз класындағы бестселлерге айналды. Бұл компанияның әлемдік танымалдығының басы болды. 1989 жылға дейін бұл машина толығымен жаңартылған кезде Z сериясының таралымы миллионнан асты. 1970 жылдардың аяғында компания турбокомпрессорлы қозғалтқыштары бар орта санаттағылардың жоғары тобындағы автомобильдерді шығара бастады, сонымен қатар жол талғамайтын көліктер нарығында өзін көрсетті.

1982 жыл — Prairie алғашқы универсалдарының бірі пайда болды.

1983 жыл — Осы жылдан бастап компанияның барлық автомобильдері Nissan брендімен шығарылды (бір тонналық жүк көлігінен басқасы). Альфа Ромеомен ынтымақтастықтың басталуы жапондық спорттық автокөлік модельдеріне жарқырау қосты.

1988 жыл — Еуропада Maxima моделінің тұсаукесері өтті.

1990 жыл — Орта санаттағы көлік болып табылатын Primera моделінің тұсауы кесілді. 90-жылдардың басында Nissan бағдарламасына жапон нарығына және экспортқа арналып бірнеше нұсқада ұсынылған 20 шақты серия кірді.

1993 жыл — Еуропадағы Micra моделі «Жыл көлігі» атағын алды.

1994 жыл — Sunny шағын көліктер шоғыры пайда болды. Жаңартылған Maxima моделі таныстырылды.

1995 жыл — Almera моделі Еуропаға жеткізіле басталды.

1997 жыл — Nissan 24 негізгі көлік тобын қамтиды.

1998 жыл — Toyota-мен тең дәрежеде бәсекелесуге және автомобильдердің өте кең ассортиментін шығаруға тырысқан, бірақ оларға сұраныс ылғи да да төмендей бергендіктеен компания сәтсіздікке ұшырады. Осы уақытқа дейін Nissan-ның кредиторлар алдындағы қарызы 40 миллиард долларға жеткен. Nissan-ды Renault құтқарды, ол Nissan Motor-тың шамамен 40% сатып алып, жыл сайын 5 миллионнан астам көлік шығаратын жаңа Renault-Nissan альянсын жаһандық сахнаға шығарды.

2001 жыл — Nissan әлемдік автомобиль өнеркәсібіндегі көшбасшылардың біріне және жапондық екінші ірі автомобиль өндірушісіне айналды. Компания жапондық өз зауыттарынан басқа, Еуропада (Испания, Ұлыбритания, Голландия, Нидерланды) және Солтүстік Америкада зауыттарға, Ұлыбритания мен Бельгияда зерттеу бөлімшелеріне, Германияда жобалау орталығына иелік етеді. Nissan-ның Аустралия, Перу және Мексикада еншілес компаниялары бар. Компанияның Еуропа мен АҚШ-қа арналған модельдер ассортименті әртүрлі санаттағы автомобильдердің 14 шоғырын қамтиды. Еуропада шағын және қымбат емес Almera және Primera II, беделді толық өлшемді Maxima III және өте сенімді, жол талғамайтын Terrano II, Pathfinder және Xterra аса сұранысқа ие.