Қазақстанда Kia Mohave шығарылады
Көлік Қостанайдағы «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» зауытында құрастырылмақ.
Қостанайдағы «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» зауыты KIA Mohave-ті сериялық шығаруға көлік құралының түрін мақұлдау құжатын алды. Рұқсатнама бір жылға (2023 жылдың 23 қарашасына дейін) берілді.
KIA Mohave ― 3 литрлік дизель қозғалтқышты, толық жетекті жол талғамайтын көлік. Көлік құралының типін мақұлдау құжатына сәйкес, автомобиль айтарлықтай үлкен ― ұзындығы шамамен 5 метрді және ені 2 метрді құрайды.
Қазақстанда құрастырылатын көлік жедел оперативтік қызметтерді шақыру құрылғысымен, шиналардағы ауа қысымын өлшеу жүйесімен, желдету, жылыту және кондиционер (климат-бақылау) жүйелерімен жабдықталады.
Kia Mohave моделінің Қазақстандағы бағасы жайлы ақпарат әзірге жоқ. Аталмыш көлік кем дегенде екі жиынтықта болады делінеді.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
27.11.2022, 21:51