Меню CARMA.KZ

Қазақстанда Kia Mohave шығарылады

Көлік Қостанайдағы «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» зауытында құрастырылмақ.

Қазақстанда Kia Mohave шығарылады / Фото: Auto.ru
Қазақстанда Kia Mohave шығарылады / Фото: Auto.ru

Қостанайдағы «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» зауыты KIA Mohave-ті  сериялық шығаруға көлік құралының түрін мақұлдау құжатын алды. Рұқсатнама бір жылға  (2023 жылдың 23 қарашасына дейін) берілді.

KIA Mohave ― 3 литрлік дизель қозғалтқышты, толық жетекті жол талғамайтын көлік. Көлік құралының типін мақұлдау құжатына сәйкес, автомобиль айтарлықтай үлкен ― ұзындығы шамамен 5 метрді және ені 2 метрді құрайды.

Қазақстанда құрастырылатын көлік жедел оперативтік қызметтерді шақыру құрылғысымен, шиналардағы ауа қысымын өлшеу жүйесімен, желдету, жылыту және кондиционер (климат-бақылау) жүйелерімен жабдықталады.  

Kia Mohave моделінің Қазақстандағы бағасы жайлы ақпарат әзірге жоқ. Аталмыш көлік кем дегенде екі жиынтықта болады делінеді.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
27.11.2022, 21:51