Қазақстанда 2023 жылы тас жолдардың қайсысы ақылы болады
Бұған дейін кейбір тас жолдарды ақылы ету жоспары белгілі болды. Бірақ тек жүк көліктерінен ақы алынбақ.
ҚР ИДМ автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллиннің айтуынша, 2023 жылы екінші санаттағы жолдарда ақы алуды енгізу жоспарда бар. Бірақ бұл жүк көлігінің жүргізушілеріне ғана қатысты болмақ. Ал басқа автожолдар бойынша шешім, оларға жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қабылданады.
Олардың айтуынша, 2023 жылы төленетін жолдардың нақты учаскелері әлі белгісіз. Жақын арада халықпен қоғамдық талқылаулар өткізу жоспарланып отыр, содан кейін ғана жолдарда ақы енгізу туралы шешімдер қабылданатын болады.
Қазір Қазақстандағы ақылы жолдардың жалпы ұзындығы 2,2 мың шақырымды құрайды. Келесі жылы тағы 2,5 мың шақырымға жол ақысын енгізу жоспарланған.
Бұған дейін CARMA.KZ редакциясы, 2023 жылы елімізде ақылы жолдардың бағасы қалай өзгеретінін білген болатын. Сондай-ақ, ИИДМ ақылы жолдармен жүруге арналған жылдық және айлық абонементтердің құны жайлы айтты.
Ербол Казистаев, корреспондент
30.11.2022, 12:00