Қазақстанда 2023 жылы ақылы жолдардың бағасы қалай өзгереді
Қазақстандықтар ақылы жолдарды пайдалануға жылдық абонементтер сатып ала алады.
2023 жылы Қазақстандағы ақылы жолдардың бағасы өзгеріссіз қалады. Бұл туралы CARMA.KZ редакциясына ҚР ИИДМ автомобиль жолдары комитетіндегілер хабарлады.
Қазір жеңіл автомобильдер үшін «Астана — Щучинск» тас жолымен жүріп өткені үшін ақы жеңіл көліктер үшін ― 200 теңге, қолма-қол ақшамен 400 теңге тұрады. Ірі көліктер үшін тариф одан жоғары болады:
- 16 орынға дейінгі автобустар және 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері — 1 мың теңге;
- 32 орынға дейінгі автобустар және 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері ― 2,1 мың теңге;
- 32 орынды автобустар мен 10 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері — 3,1 мың теңге;
- жүк автомобильдері 10 тоннадан 15 тоннаға дейін ― 4,2 мың теңге;
- 15 тоннадан асатын жүк көліктері ― 5,2 мың теңге.
Жеңіл автомобильдер үшін осындай тарифтер «Астана —Теміртау» трассасында да қарастырылған. Алайда, жүк көлігі мен автобустар үшін төлем «Астана — Щучинск» тас жолының ақысынан едәуір төмен:
- 16 орынға дейінгі автобустар және 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері ― 700 теңге;
- 32 орынға дейінгі автобустар және 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері — 1 350 теңге;
- 32 орынды автобустар мен 10 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері ― 2 мың теңге;
- 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері ― 2,7 мың теңге;
- 15 тоннадан асатын жүк көліктері ― 3 350 теңге.
«Алматы — Қапшағай» тас жолындағы тарифтер айтарлықтай төмен. Қолма- қол ақшасыз төлем бойынша жеңіл автомобильдер үшін құны 100 теңгені, қолма-қол ақшамен 200 теңгені құрайды. Жүк көліктері мен автобустар үшін тарифтер біршама жоғары:
- 16 орынға дейінгі автобустар және 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері ― 200 теңге;
- 32 орынға дейінгі автобустар және 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері―400 теңге;
- 32 орынды автобустар және 10 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері — 600 теңге;
- жүк автомобильдері 10 тоннадан 15 тоннаға дейін — 800 теңге;
- 15 тоннадан асатын жүк көліктері ― 1 мың теңге.
«Астана-Павлодар» тас жолымен жол жүру құны 380 теңгені құрайды. Автобустар мен жүк көліктері үшін айтарлықтай көп:
- 16 орынға дейінгі автобустар және 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері — 1 860 теңге;
- 32 орынға дейінгі автобустар және 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері ― 3 730 теңге;
- 32 орынды автобустар мен 10 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері ― 5,6 мың теңге;
- жүк автомобильдері 10 тоннадан 15 тоннаға дейін―7 470 теңге;
- 15 тоннадан асатын жүк көліктері―9 340 теңге.
Қазақстандағы қалған ақылы тас жолдармен жол жүру құны туралы толық ақпаратты «ҚазАвтоЖол» сайтынан көруге болады.
ҚР ИИДМ автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллиннің айтуынша, ақылы жолдармен жүрудің қазіргі тарифтері 2013 жылдың деңгейінде белгіленген. Сонымен қатар, ведомство ақылы тас жолдармен жол жүру абоненттерін әзірледі, оларды 2022 жылдың соңына дейін келесі тарифтер бойынша енгізеді:
- жеңіл автомобильдер ― жылына 1 мың теңге;
- 16 орынға дейінгі автобустар және 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері — айына 2 АЕК (2022 жылы 6 126 теңге) және жылына 20 АЕК (61 260 теңге);
- 32 орынға дейінгі автобустар және 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері — айына 4 АЕК (12 252 теңге) және жылына 40 АЕК (122 520 теңге);
- 32 орынан жоғары автобустар мен 10 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері — айына 6 АЕК (18 378 теңге) және жылына 60 АЕК (183 780 теңге);
- жүк автомобильдері 15 тоннаға дейін — айына 8 АЕК (24 504 теңге) және жылына 80 АЕК (245 040);
- 15 тоннадан асатын жүк автомобильдері — айына 10 АЕК (30 630 теңге) және жылына 100 АЕК (306 300 теңге).
Айта кету керек, абонементті көлігіңіз ақылы жолдарға іргелес елдімекендер мен кентте есепте тұрған жағдайда ғана ресімдеуге болады. Абонементті ресімдеу тәртібі жақын арада «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының ресми сайтына шығады», — деді Төлеген Абдуллин ОКҚ брифингінде.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда жалпы ұзындығы 2,2 мың шақырым болатын 11 ақылы автожол учаскесі жұмыс істейді. 2023 жылы тағы 2,5 мың шақырым жол ақысын енгізу жоспарланған.
Ербол Казистаев, корреспондент
29.11.2022, 16:30