Қазақстан Ресейге көлік жеткізу бойынша екінші орында тұр
Бірінші орынды, үлкен айырмашылықпен Қытай иеленіп отыр.
«АВТОСТАТ» талдау агенттігінің мәліметінше, 2022 жылдың қыркүйек айында Ресейге 11,3 мың жаңа және 27 мың ұсталған жеңіл автомобиль әкелінген.
«Жаңа көліктер негізінен Қытайдан (63%) жеткізілді. Екінші орында Қазақстан (6,6%) тұр. Бірақ бұл жерде қайсысы параллель импорт, қайсысы ресми түрдегі жеткізулер болғанын айту қиындау», — деп мәлімдеді «АВТОСТАТ» талдау агенттігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Азат Тимерханов.
Ол ресейліктердің көлікті Қазақстаннан көбірек сатып алу үшін параллель импортқа жиі жүгінетіндеріне сенімді. Толығырақ ақпаратты Азат Тимерхановтың CARMA.KZ автомобиль порталының редакциясына берген эксклюзивті сұхбатынан оқи аласыздар.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
23.11.2022, 13:00