Mercedes-Benz ең қуатты 4-цилиндр моторлы жаңа моделін дайындап жатыр
С 63 S E Perfomance моделі жалпы қуаты 671 ат күшіне тең күштік қондырғыға ие болады.
Немістің Mercedes-Benz көлік концерні өзінің жаңа моделі пайда болатынын жариялады. Ол — 2024 жылы нарықтан кететін С 63 AMG моделінің орнына келетін С 63 S E Perfomance, деп хабарлайды Autoblog.com.
2024 жылы өндірісі іске қосылатын жаңа модель максималды айналу сәті 1020 Нм, жалпы қуаттылығы 671 ат күшіне тең гибрид күштік қондырғыға ие болмақ. Ол өзінің алдындағы С 63 AMG моделінен 168 ат күшіне және 320 Нм көп. Мұндай көрсеткішке ең қуатты төртцилиндрлі M139l моторы мен электрлі қозғалтқыштың артқы жағында орналасатын екісатылы БАҚ-тың (берілісті ауыстыру қорабы) жұптасуының арқасында жетіп отыр.
Бензинді агрегаты C 43 моделіне орнатылатынға ұқсас, бірақ бұған турбиналық қысым көтергіштің жаңа нұсқасы қарастырылып отыр. Нәтижесінде ол қозғалтқыштың көрсеткіштерін 469 ат күшіне және максималды айналу сәтін 545 Нм дейін көтеруге мүмкіндік беріп, осының арқасында оны бұған дейін болмаған ең қуатты төртцилиндрлі моторға айналдырып отыр. Электрлі мотор қуаттылығын 201 ат күшіне дейін арттыра алады. 100 шақ/сағатқа мәлімделген үдету уақыты — 3,3 с, максималды жылдамдығы — 280 шақырым/сағат (250 шақырым/сағат межеде электронды түрде шектелген).
Электрлі қозғалтқышта сағатына 87 миль шамасындағы (140 шақ/сағ) жылдамдықта берілісті ауыстыратын екісатылы беріліс қорабы бар. Сондай-ақ электрлі басқарылатын жоғары үйкеліс дифференциалымен жарақтандырылған. Қуаттылық артқы дөңгелектерге немесе алдыңғы дөңгелектерге беріліп, осы арқылы бензинмен, гибрид немесе электрлі болсын, барлық жағдайда да толық жетекті қамтамасыз етеді. Толық жетек жүйесінде AMG басқа модельдеріндегідей дрифт режимі бар.
Жаңа модельдің максималды жылдамдығы сағатына 174 мильді ( 280 шақ/сағ), ал стандартты максималды жылдамдығы сағатына 155 миль (249 шақ/сағ) деңгейінде электронды түрде шектелген. Іс жүзінде C 63 SE Performance моделі – қосылғыш гибрид болып табылады, бірақ автомобиль электрлі тартыммен бар болғаны 11 шақырымды жүріп өте алады. Жаңа модельдің аспаларында болат серіппелер мен электрмен реттелетін амортизаторлар пайдаланылады, корпусы әдеттегі С-санаттағы седаннан 7,6 см ұзындау, ал дөңгелек базасы 1 см-ге ұлғаяды.
Құрамдастарды жеткізудегі қиындықтар жаңа модельді өндіріске қосу жоспарына әсер етер-етпесі әзірге белгісіз. Қазір Mercedes-Benz AG Украинадағы жағдайға және «Солтүстік ағын» газ құбырындағы 4 желінің 3-еуі істен шығуына байланысты егер Германия тіпті отынды күрт нормалауды енгізетін болса, өндірістің бірнеше апта бойы тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін табиғи газды пайдаланып шығаратын қосалқы бөлшектерден қор жасап жатыр.
Сондай-ақ Mercedes-Benz AG газ нормаланып берілетін жағдайда Германиядағы қиындыққа тап болуы мүмкін жеткізушілерін анықтап, олармен өндірістерін Германияда басқа елдерге көшіру жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Неміс көлік концернінің ішкі нарықтағы бәсекелестерінің бірі Volkswagen, газ жетіспеушілігі 2023 жылы шешілмейтін болса, Еуропадағы кейбір құрамдастардың өндірісін көшірмей болмайды деп мәлімдеді.

Егор Васильев, корреспондент
03.10.2022, 10:43