Volkswagen Еуропадан өндірістерін көшірмекші
Неміс автомобиль өндірушісі бөлшектерді жергілікті жерде өндіріп, өндірістерді көшіру арқылы өзінің Еуропадағы сандаған жеткізу желілеріне табиғи газ жетіспеушілігінен жол табуға көмектескісі келеді.
Bloomberg ресурсының айтуынша, Еуропадағы ең ірі автомобиль өндірушісі Volkswagen, 23 қыркүйекте, егер газ жетіспеушілігі осы қыста ұзаққа созылса, кейбір құрамдастарды өндірушілер үшін өндірістік кәсіпорындарды ауыстыру тығырықтан шығудың бірі жолы болмақ деп мәлімдеген. Орталық және Шығыс Еуропадағы жеткізушілер көп жағдайда ресейлік газға тәуелді. Ал VW компаниясының Германияда, Чехияда және Словакияда ірі зауыттары, сондай-ақ Оңтүстік Еуропада нысандары бар.
«Орта мерзімдегі баламалар ретінде көбірек жерсіндіруге, өндірістік қуаттылықтарды көшіру немесе техникалық баламаларға көбірек назар аударамыз. Бұлардың өзі жартылай өткізгіштердің жетіспеушілігі мен жеткізу тізбегінде туындаған іркілістерге байланысты проблема тұрғысынан әдеттегі тәжірибе болып табылады», — деді Volkswagen сату бөлімінің басшысы Гэн Ву.
Еуропаға ресейлік газды жеткізудегі жағдай Германияның өзінің отын тұтынуын шектеуге мәжбүр болуы мүмкін деген алаңдаушылық тудырды. Қоймалардағы газ қорының деңгейі жоспарланған мерзімнен 90%-ға жеткені жайлы соңғы ақпараттар, осы қыста газдың жетіспеушілігіне деген аландаушылықты аз да болсын басқандай болды. Бірақ Германия келесі жазда Ресейдің көмегінсіз таусылған қорларды толтыра алмай, біраз қиындыққа тап болады.
Теңіз жолы арқылы сұйытылған газ жеткізуге ыңғайлы Оңтүстік-Батыс Еуропа немесе Солтүстік Еуропаның жағалау аймақтарының екеуі де кез келген өндірістік ілгерлеуге бенефициар бола алады, деді Volkswagen өкілі телефон арқылы. Осы аудандарға ауысатын жеткізушілер Volkswagen тобының Португалия, Испания және Бельгиядағы жұмыс істеп тұрған зауыттарына тартылатын болады.
VW пікірлері басқа неміс автомобиль өндірушілерінің жеткізушілерінің энергия бағасы өскен жағдайда бөлшектерді әрі қарай да шығару мүмкіндігіне қатысты алаңдаушылығымен байланысты. Mercedes-Benz AG Германиядан газ нормаланған жағдайда қиындыққа ұшырауы мүмкін жеткізушілерді анықтау үшін жұмыс істеп жатқанын және олармен Германиядан тыс жерлерге өндірісті ауыстыру туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты.
«Саясаткерлер қазіргі уақытта газ бен электр энергиясына бағаның бақылаусыз өсуін болдырмауы керек, — деді компанияның сыртқы байланыстар бөлімінің бастығы Томас Стег. — Әйтпесе, шағын және орта энергияны көп қажет ететін компаниялар жеткізу тізбегінде үлкен қиындықтарға тап болады. Салдарынан өндірісті қысқартуға немесе тоқтатуға мәжбүр болады».
Қазіргі уақытта VW зауыттарына газ жеткізу қамтамасыз етілді. Компания газ тұтынуды «орташа екі таңбалы пайызға» азайту үшін, өзінің еуропалық кәсіпорындарында үнемдеуге ниетті», - деп санайды VW электр станциялары бөлімшесінің басқарушы директоры Майкл Хайнеманн.
Вадим Григорьев, журналист
29.09.2022, 18:32