Меню CARMA.KZ

Lamborghini Aventador суперкарларын шығаруды тоқтатады

Культ модельдің таралымы 11 жыл ішінде 11,5 мың данаға жақындады.

Lamborghini Aventador суперкарларын шығаруды тоқтатады / Фото: autopronews.ru
Lamborghini Aventador суперкарларын шығаруды тоқтатады / Фото: autopronews.ru

Automobili Lamborghini компаниясы Aventador суперкарларын шығаруды тоқтататынын жариялады, деп хабарлайды Motor.ru ресурсы.

Ad Personam студиясы арнайы әзірлеген ашық көк реңктегі Aventador LP 780-4 ultimae Roadster италиялық өндірушінің 2011 жылдан бері шығарып келе жатқан модельдің соңғы данасы болмақ және ол Швейцарияға жол тартады. Lamborghini 11 жыл бұрын Murcielago моделінің орнына Aventador-ды өмірге әкелді. Осыдан 11 жыл бұрын қуаты 700 ат күші болатын, моторы артқы жағында жалпақ етіп орналастырылған, толық жетекті Aventador LP700-4 нарыққа шықты.

Купенің дизайнына Centro Stile Lamborghini студиясының басшысы Филиппо Перини жауапты болды. Сол кезде Automobili Lamborghini-ді басқарған Стефан Винкельман, Aventador-ды шығаруды бастаған кезде, оны «дизайн мен технология тұрғысынан  алғанда бірегей инновациялық технологиялар мен таңқаларлық сипаттамалар жиынтығымен екі буын алға ілгерлеп кетті» деп атады.

Нәтижесінде, модель 11 жыл өмір сүріп, сегіз модификациядан және шектеулі көлеммен оннан артық рет шығарылды.

Осы уақыт ішінде Lamborghini жалпы саны 11 465 мың Aventador көлігін шығарып, оны әлем бойынша саудаға салды. Олардың 85%-ы жеке түске ие болды. Ad personam шеберлері Aventador модельдеріне арнап 200 ерекше түс пен әрлеуді әзірлеп шығарды. Клиенттердің көбі өз қалауларына сәйкес тапсырыс берген. Aventador 12 цилиндрлі 6,5 литрлік V қозғалтқышы бар Lamborghini-дің жоғары сұраныстағы моделі болды.

Aventador-дың алдындағы Murcielago 5 мыңға жуық данасы таралыммен сатылды. Ал Aventador 2016 жылдың өзінде-ақ 5 мың дананы саудалап тастады. 2020 жылғы пандемия кезінде Aventador-дың 10 мыңыншысі сатылған. Бұл модельдің қозғалтқыш қуаты әр түрлі нұсқаларда 700-ден 780 ат күші аралығында болады. Қондырғымен бірге екі ілінісі бар жеті сатылы «робот» және толық жетекті жүйе жұмыс істейді.

Енді Lamborghini 680 а. к. Bosch Motorsport электр қозғалтқышымен бірлесіп жұмыс істейтін V8 жарыс қозғалтқышымен жабдықталған, LMDh санатындағы гиперкарды әзірлеуге кіріспекші. Бұл көлік 340 км/сағ жылдамдыққа дейін жүруге мүмкіндік береді. Шыдамдылықты сынауға арналған спорттық прототиптің фотосуретін, өткен аптада италиялық өндіруші көрсеткен болатын. Ол 2024 жылы шығарылады деген болжам бар.

Сонымен қатар, биылғы тамызда бірқатар еуропалық БАҚ келесі жылы шығару жоспарлаған Huracan спорттық көлігінің гибридті нұсқасы мен Aventador жаңа нұсқасының жасырын түсірілген фотосуреттерін жариялады. Еуропадағы италиялық бренд полигонында түсірілген Aventador 2023 прототипі, осы аптада компания ресми түрде қоштасқан модельдегідей V12 қозғалтқышымен жабдықталған. Бірақ оның қуаты 800 ат күшіне тең.

Lamborghini көліктерінің 2024 жылдан бастап электрлендірілуі осы модельден басталмақшы. Дизайнды және технологиялық жабдықты аздап жаңартудан басқа, жаңа Aventador механикалық бөлікте маңызды өзгеріске – 6,5 литрлік V12 қозғалтқышы мен электр қозғалтқышынан тұратын қосылғыш гибридті жүйеге ие болуы керек еді. Ал литий-ионды аккумуляторлар модельдерге үлкен өнімділік беруі керек болатын.

Айта кетейік, бұған дейін италиялық қымбат спорттық автомобильдер өндірушісі алғашқы жартыжылдықта саудада рекордтық деңгейге жеткені туралы мәлімдеген болатын. Компания осы жылдың қаңтар-маусым аралығында 5090 автомобиль сатты және келесі, 2023 жылға тапсырыстарын толығымен жинады.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
05.10.2022, 15:35