Меню CARMA.KZ

Geely киімге қарап климатты бақылап отыратын технологияны патенттеді

Жаңа технология Geely-дің автомобильдеріне қашан орнатылатыны, тіпті жалпы пайда болу-болмауы әзірше белгісіз.

Geely киімге қарап климатты бақылап отыратын технологияны патенттеді / Фото: Geely
Geely киімге қарап климатты бақылап отыратын технологияны патенттеді / Фото: Geely

Қытайлық Geely көлік өндірушісі өзгеше технология жасап шығарды. Ол бойынша өндірушінің көліктері жолаушылардың киіміне қарай ауаның темперурасын автоматты түрде реттеп отырады.

Автомобильдерге арнайы сезбектер мен камералар орнатылмақ. Сезбек  көлікте жүргізуші мен жолаушылардың отырғандығын тіркейтін болса, ал камера олардың үстіндегі киімін анықтайды. Ал киімнің санына қарай жүйе дұрыс температураны белгілейді.

Сонымен қатар, жолаушылардың нақты уақыттағы күйін бақылап, климаттық жүйені соған сай реттеп отырады. Geely осылайша салондағы микроклиматты реттеу технологиясын жаңа деңгейге көтермекші, деп жазады «Китайские автомобили» порталы.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
26.10.2022, 16:06