Geely киімге қарап климатты бақылап отыратын технологияны патенттеді
Жаңа технология Geely-дің автомобильдеріне қашан орнатылатыны, тіпті жалпы пайда болу-болмауы әзірше белгісіз.
Қытайлық Geely көлік өндірушісі өзгеше технология жасап шығарды. Ол бойынша өндірушінің көліктері жолаушылардың киіміне қарай ауаның темперурасын автоматты түрде реттеп отырады.
Автомобильдерге арнайы сезбектер мен камералар орнатылмақ. Сезбек көлікте жүргізуші мен жолаушылардың отырғандығын тіркейтін болса, ал камера олардың үстіндегі киімін анықтайды. Ал киімнің санына қарай жүйе дұрыс температураны белгілейді.
Сонымен қатар, жолаушылардың нақты уақыттағы күйін бақылап, климаттық жүйені соған сай реттеп отырады. Geely осылайша салондағы микроклиматты реттеу технологиясын жаңа деңгейге көтермекші, деп жазады «Китайские автомобили» порталы.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
26.10.2022, 16:06