BMW 2027 жылы «экологиялық» пластмассадан жасалған электрлі көліктерін шығарады
Жаңа өнімдердің сыртқы және ішкі дизайнының үштен бірі қайта өңделген балық аулау торлары мен арқандардан жасалған.
Немістің BMW автоконцерні Neue Klasse деп аталатын жаңа электрлі көліктер түрін әзірлеуге кірісті. Оның алғашқы моделі 2027 жылы нарыққа шығады, деп хабарлайды Motor.ru ресурсы.
Neue Klasse модельдерінде алғаш рет «экологиялық» пластмасса қарастырылады. Электрлі көліктің сыртқы және ішкі дизайны қайта өңделген балық аулау торлары мен арқандардан жасалады. Ал эко-өнімдер өндірісте қолданылатын барлық шикізаттың шамамен 30%-ын құрайды. Қазіргі уақытта неміс автомобиль өндірушісі даниялық PLASTIX фирмасымен жұмыс істейді. Ол кәсіпорында қоқысты пластикалық түйіршіктерге, содан кейін термопластикаға айналдырады.
Сонымен қатар, BMW қазірдің өзінде даниялық Sensatec орындықтар мен алдыңғы панельдерге жасанды былғарыны пайдаланады. Болашақта рөл қаптамасына да осындай материалды қолдануды жоспарлап отыр. Бұл жануарлар терісінен жасалған материалдардан толығымен бас тартуға мүмкіндік береді. BMW өкілдерінің айтуынша, синтетикалық былғары қасиеттері жағынан табиғи теріге ұқсайды. Яғни қажалуға төзімді және табиғи теріден тек басқа «түйіршіктермен» ерекшеленеді.
Сондай-ақ, немістер өнеркәсіптік пластиктен, мата қалдықтарынан, ескі кілемдерден және балық аулау торларынан алынған Econyl немесе қайталама нейлонды белсенді пайдаланады. BMW X1 және iX көліктеріндегі төсеніштер эконил жіптерінен жасалады. Бірақ оларды басқа маркалы көліктерде де кездестіруге болады. Мысалы, Mercedes-Benz EQS-те қалпына келтірілген талшықтан жасалған еден және Audi urbansphere концепциясының орындық қаптамасы.
Енді жаңа BMW автомобильдерінің пластикалық бөлшектеріндегі қайта өңделетін заттардың үлесі 20%-ды құрайтын болды. 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 40%-ға жақындамақ. Ал жаңа Neue klasse моделіндегі экопластика үлесі 30%-ға жетеді. Седан мен кроссоверден басқа, серияға бастапқы деңгейдегі модельдер, қазіргі 1 және 2 сериялардың электрлік эквиваленттері кіреді. Инсайдерлердің айтуынша, «бірлік» нарыққа 2027 жылы, «екілік» 2028 жылы шығады. Екеуі де жаңа электр архитектурасына салынып, өнімділігі жақсартылған батареялармен жабдықталады.
Бұл литий-ионды аккумуляторлар жаңа форматтағы (призманың орнына цилиндрлік) және құрамдағы жасушаларды пайдаланады. Катод жағында никель көп және кобальт аз болады, ал анодта кремний мөлшері артады. Нәтижесінде, қуаттың мөлшері 20%-ға өседі және диапазонды 30%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Еуропа мен Қытайдағы «гигафабрикалар» Neue Klasse-ке арнап ұяшықтарды шығарады. CATL және EVE Energy BMW серіктестері болады. Бұл жағдайда жаңа батареяны өндіруге кететін шығын екі есе азаяды, ал оны пайдалану кезіндегі зиянды улы заттар 60%-ға азаяды.
Шикізатты қайта пайдаланудың тұйық циклдары зиянды улы заттарды азайтуға септігін тигізеді. Қазір мұндай схеманы Қытайда BMW енгізіп жатыр. Болашақта неміс өндірушісі никель мен кобальт түріндегі маңызды шикізаттан мүлдем бас тартуды жоспарлап отыр. Оны катодты материал ретінде литий темір фосфатымен алмастырады. Сондай-ақ, BMW қатты күйдегі аккумуляторларда жұмыс істейді (all-solid-state battery, ASSB), олардың өндірістік үлгілері онжылдықтың соңында пайда болады. Дегенмен ASSB бар демонстрациялық электрокарды бірнеше жылдан кейін көрсетуге уәде беріп отыр.
Егор Васильев, корреспондент
03.10.2022, 13:29