АвтоВАЗ 6,5 мыңға жуық жаңа LADA Granta-ны сатқызбай қойды
Концерн мамандары жылдамдық сезбегінен ақау тапты.
АвтоВАЗ жылдамдық сезбегіндегі жаппай өндірістік ақауға байланысты 6496 жаңа Lada Granta автомобилін сатуға тыйым салды, деп хабарлайды drom.ru сайты.
Ресейлік ресурстың мәліметтері бойынша, концерн тиісті бұйрықты ресми дилерлерге өткен аптаның соңында жіберді. Ол бұйрықта салондар келесі әдіс бойынша ақауды өздігінен жоя алатындығы көрсетілген:
«Қылауыштың көмегімен жебірлікке қарсы материалды бұрау коннекторының жылдамдық сезбегіне сымдардың кіретін аумағына және герметикалық материалды коннектор сымдарына тигізбей жылдамдық сезбегінің айырғышына кіретін коннектордың резеңке тығыздағышының барлық периметрі бойынша жағу қажет», — делінген нұсқаулықта.
Осы жылдың наурыз айында АвтоВАЗ жұмысында құрамдастар жеткізудегі мәселеге байланысты іркіліс пайда болды. Өткен аптада концерн өз жұмысын толық қалпына келтіргенін айтты. Сонымен қатар, маусым айының басында Lada Granta-ның қарапайым нұсқалары ресейлік кәсіпорынның конвейерлерінен түсе бастады.
Қазір LADA автомобильдерінде құрамдастардың болмауына байланысты қолжетімсіз болған опциялар қайта пайда бола бастады. Атап айтқанда, LADA Granta-ның жарақтануында қауіпсіздік жастығы мен кондиционер, сондай-ақ механикалық белсендіру жүйесі бар «ЭРА-ГЛОНАСС» модулі қайта шықты.
Сонымен қатар, АВТОВАЗ 2023 жылы LADA автомобильдеріне ABS тежегішті бұғаттауға қарсы жүйе мен ESP автокөлігінің бүйірлік тұрақтылық жүйесін қайтаруды жоспарлап отыр. 2022 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша, Ресей нарығында LADA Granta сатылымы 66%-ға, 28 мың 659 көлікке дейін төмендеп кеткен.
Былтыр ішкі нарықта Lada Granta моделінің 111 мың 430 бірлігі сатылып, ол осы көрсеткішпен АвтоВАЗ сататын автомобильдер арасында екінші орынға ие болды. 2021 жылы нарықта ең көп сұралған LADA Vesta болды. Ресейде оның 113 мың 698 данасы сатылған.
Сонымен қатар, 2022 жылы тамыз айының ортасында жаңа Lada Vesta автокөлігінің бір бөлігі сынға ілікті. АвтоВАЗ нарықтан 2019 жылдың 17 қыркүйегінен 2022 жылдың 2019 шілдесіне дейін жөнелтілген осы модельдің 43 мың автомобилін аспаптар қалқанының бағдарламалық жасақтамасын жаңарту үшін, қайтарып алды.
Қазақстанда LADA Granta сатылған 512 көлік нәтижесімен, 2022 жылдың маусым айында 7-ші орынға тұрақтап, үздік оңдыққа кірді. Ал шілде айының қортындысы бойынша (276 авто) 10-орынға сырғыды. Өткен жылғы нәтижеге қарасақ, Қазақстандағы үздік ондыққа (сатылым бойынша тоғызыншы орын)3 мың 152 бірлік нәтижесімен LADA Vesta кірген.
Егор Васильев, корреспондент
01.09.2022, 15:57