Меню CARMA.KZ

АвтоВАЗ нарықтан 40 мың LADA Vesta-ны кері қайтарып алады

Ресейлік өндіруші құралдар панелінің бағдарламалық жасақтамасына жаңарту жүргізеді.

АвтоВАЗ нарықтан 40 мың LADA Vesta-ны кері қайтарып алады / Фото: Фото: lada-vesta.spb.ru
АвтоВАЗ нарықтан 40 мың LADA Vesta-ны кері қайтарып алады / Фото: Фото: lada-vesta.spb.ru

АвтоВАЗ нарықтан 2019 жылдың 17 қыркүйегі мен 2022 жылдың 5 шілдесі аралығында жөнелтілген 43 мыңға жуық LADA Vesta-ны құралдар қалқанының бағдарламалық жасақтамасын жаңарту үшін кері қайтарып алмақшы, деп хабарлайды Лада.Онлайн.

Биылғы шілденің соңынан бастап LADA-ның Ресейдегі дилерлік орталықтары Lada Vesta автомобильдерінің иелеріне құралдар қалқанының бағдарламалық жасақтамасына жаңарту жүргізу үшін автоорталықтарға келу қажеттігін хабарлай бастаған. Әйтсе де кері қайтарып алатындығы туралы ақпарат Росстандарт пен LADA-ның ресми сайтында болған жоқ, бірақ дилерлер бұған дейін аталмыш модель шығарылып келген Ижев зауытының «Lada Vesta-ның құралдары комбинациясын қайта конфигурациялау жөніндегі» ұйғарымына сілтеме жасаған.

Аталған құжаттан мәлім болғандай, құралдар комбинациясының жасақтамасын жаңартуға майдың қысым лампасының жұмыс режимі себеп болып отыр. Егер бұрындары көрсетілген кезеңде шығарылған Lada Vesta иелері құралдар комбинациясының баптауларын ауыстырып келсе, қазір кері қайтару науқаны аясында бұл баптауды оларға қайталап жасауға тура келеді. Автостат агенттігі мен «Электронды төлқұжат» АҚ деректеріне сәйкес, 2022 жылдың жеті айында Ресейде халық 25 мың 789 Lada Vesta-ны сатып алған.

Биыл бұл модельдің сауда көлемі былтырғымен салыстырғанда 62,4%-ға төмендесе де, Ресейдегі аса сұраныстағы автомобильдердің рейтингінде LADA Granta-дан кейін екініші орынды тұр. Lada Vesta Ижевте шығарылып келді, бірақ Renault компаниясы Ресейден кеткеннен кейін модельдің өндірісін Тольяттидегі зауытқа ауыстыру туралы шешім қабылданды. Ал Ижевтегі зауытты Largus-тың электрлі нұсқасын шығаруға икемдемекші.

Дей тұрғанмен 2022 жылдың ақпанында «ЛАДА Ижев» зауыты жаңартылған Lada Vesta-ны өндіре бастады. Модельдің жүргізілген рестайлингінде шамамен 600 жаңа бөлшек пен құрамдастар қолданылып, жобаға 7 миллиард рубльдей инвестиция құйылды. Тамыздың басында Ижевтегі кәсіпорынның конвейерінен 240 автомобильден құралған соңғы партия жөнелтілді. Олар Ижевтегі зауытта аталған модельге арналған қолда бар құрамдастардан шығарылған. «Вестаны» шығару келесі жылдың алғашқы тоқсанында Тольяттиде жанданатын болады.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
17.08.2022, 15:28