ЖҚС-тың қызметіне қатысты қайда шағымдануға болады
Энергетика министрлігіндегі, сонымен қатар ЖҚС желісінің жедел нөмірі бойынша шағымдануға болады.
Энергетика министрлігі мен ірі ЖҚС желілері қазақстандықтардың отын босату мәселелеріне қатысты шағымдарын қабылдауға арналған жедел желіні іске қосты.
Азаматтар келесідей телефон нөмірлері бойынша хабарласа алады:
- +7 (7172) 78 69 55;
- +7 (708) 812 02 31;
- telegram/whatsapp —+7 (708) 812 02 31.
Qazaq Oil және ҚазМұнайГаз:
- call-center– 9911;
- telegram/whatsapp — +7 (771) 046-46-46;
- Instagram — azs_qazaq_oil.
Sinooil:
- call-center– 8-800-070-01-80;
- instagram–kz.
Helios:
- Telegram / WhatsApp: +7 (777) 708-00-39
- Instagram: helios_kz
- Қалалық телефондар үшін: helios.kz/kontakty
Газпромнефть:
- call-center — 8-800-080-10-08;
- instagram: gazpromneft_kz.
Бұған дейін энергетика министрі Болат Ақшолақов қазақстандықтарды егер ЖҚС-та отын босатуда заң бұзылса жедел желіге хабарласуды өтінген болатын.
«Бактардан басқа жерлерге құйылып жатады, әйтсе де бактарға ғана құю туралы талап бар. Бірақ бейнежазбалардан пистолеттен бакқа емес, жүксалғыштағы ыдысқа құйылып жатқанын көріп жүрміз. Осындай фактілердің барлығын хабарлауды өтінеміз», — деп үндеу тастады министр қазақстандықтарға.
Министр 2022 жылдың 15 қыркүйегінде дизель отынын тұтынушыларды тексеру және тіркеу модулі іске қосылатынын айтты. Ол жергілікті жерлерде отын сату барысында орын алуы мүмкін құйтұрқылықтарды болдырмауға көмектеседі.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
27.08.2022, 13:52