Меню CARMA.KZ

Қазақстанда ЖҚС-тарда отынның сатылуын бақылайтын жүйе іске қосылады

Ол дизельдің дифференциалды тариф бойынша саудасында түрлі құйтұрқылықтарды болдырмауға көмектеседі.

Топливо
Топливо

Қазақстанда 2022 жылдың 15 қыркүйегінде дизель отынын тұтынушыларды тексеру және тіркеу модулі іске қосылады. Ол жергілікті жерлерде отын сату барысында орын алуы мүмкін құйтұрқылықтарды болдырмауға көмектеседі.

«Жағармай құю желілерінің иелері әр түрлі адамдар, біз бұл жүйені жасауды бастадық, бірақ бұйрық шыққанға дейін аяқтап үлгермедік, сондықтан жағдайды ушықтырмас үшін, күтпедік. Сондықтан жүйе 15 қыркүйекте іске қосылады», — деп мәлімдеді Қазақстанның энергетика министрі Болат Ақшолақов.

Қазір қазақстандықтар дизель отынын босатуда отандық көлік иелеріне шектеу барына шағымдануда, өйткені ЖҚС-тар үшін отынды шетелдіктерге литрін 450 теңгеден сатқан пайдалы (қазақстандықтарға 230-260 теңгеден).

Әзірленіп жатқан порталда отын бойынша — қандай ЖҚС және қанша алды, кімге қаншадан сатқаны туралы барлық деректер болады. Мемлекеттік органдар осы жүйеге біріктіріледі және нақты уақытта отынның сатылуын бақылай алады.

«Мысалы, сатушы отынды жеңілдетілген бағамен мүлдем сатпай, барлығын 450 теңгеден сататын болса, оған міндетті түрде келіп, тексеру жүргізеді. Бұл айла-шарғыларды азайтып, адами факторды болдырмайды», — деді министр.

Бұл жүйені сонымен қатар кассирлер де пайдалана алады. Мысалы, жеңіл автомобильдерге тәулігіне 100 литр лимит белгіленген. ЖҚС-тың кассирі осы модульден клиент өзге ЖҚС-тан құйып, тәуліктік лимитін жаратқанын тексере алады.

Болат Ақшолақов барлық ірі ЖҚС желілері мен Энергетика министрлі жанында жедел желі ашылатынын айтты. Отынды сату барысында заң бұзушылық болатын болса қазақстандықтар шағымдана алады

«Бактардан басқа жерлерге құйылып жатады, әйтсе де бактарға ғана құю туралы талап бар. Бірақ бейнежазбалардан пистолеттен бакқа емес, жүксалғыштағы ыдысқа құйылып жатқанын көріп жүрміз. Осындай фактілердің барлығын хабарлауды өтінеміз», — деп үндеу тастады министр қазақстандықтарға.

2022 жылдың 22 тамызында бағаларын мемлекет реттейтін мұнай өнімдерінің бөлшек саудасына шекті бағаларды белгілеу туралы энергетика министрлігінің бұйрығы күшіне енді. Бұдан былай дизельдің құны 450 теңге тұратын болады. Айқындалған талаптар бойынша отынның бағасы Нұр-Сұлтанда, Алматы мен Шымкентте литрі 260 теңге, қалған өңірлерде литрі 230 теңге болады.

 

Ербол Казистаев

Ербол Казистаев, корреспондент
25.08.2022, 16:45