Меню CARMA.KZ

Қазақстанда жолбойы сервисі нысандарының үштен бірі талапқа сай емес

Жол бойындағы дәмханалар республикалық тасжолдың әрбір 50 шақырымында болуы шарт.

Қазақстанда жолбойы сервисі нысандарының үштен бірі талапқа сай емес / Фото: ru.sputnik.kz
Қазақстанда жолбойы сервисі нысандарының үштен бірі талапқа сай емес / Фото: ru.sputnik.kz

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда 1,6 мың жолбойы сервисі нысаны бар. Олардың үштен бірі ұлттық сапа стандарттарына сай келмейді.

Сонымен қатар мұндай нысандар республикалық маңыздағы тасжолдың әрбір 50 шақырымында болуы шарт. «ҚазАвтоЖол» мекемесіндегілердің мәлімдеуінше, 2025 жылға қарай осы көрсеткішке жету көзделген және сол кезде жолдар жолбойы сервисімен толықтай қамтылмақшы.

«Өз тарапымыздан Мәдениет және спорт министрлігіне бірқатар ұсыныс жасадық. Қазір кәсіпкерлерге құрылыстың тек 10%-ы ғана өтеледі. Біз орналасу орнына қарай өтеуді ұсынып отырмыз. Егер олардың орны адамдарды тартатындай болса, мемлекет тарапынан субсидияны арттыруды ұсындық. Ал жолбойы сервисі нысандары жеткілікті учаскелерде мемлекеттік қолдау шараларын төмендетуге болады», — дейді ҰР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті басқармасының басшысы Арман Күшев.

«ҚазАвтоЖол» өз тарапынан жолбойы сервисі нысандарының орналасу тығыздығын арттыруға қарсы емес, ол саланы бәсекелі етеді, деп жазады «Хабар24».

Осыған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде Қазақстандағы жолдары ең нашар өңірлерді атаған болатын. Ведомство басшысы Қайырбек Өскенбаевтың сөзінше, бірнеше облыста қылмыстық іс қозғалған.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
09.08.2022, 08:46