Қазақстанда қаржы жетіспеушілігінен автобустар парктерінің жағдайы нашар
Тасымалдаушыларға арналған мемлекеттік субсидиялардың 80%-ын Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының автобус парктері алады.
Автобус парктерінің өкілдері қаржы жетіспеушілігіне байланысты көлік құралдарының техникалық жағдайы нашар екенін айтып шағымданды. Ол рейстердің тұрақты орындалуына әсер етіп жатыр.
Белгілі болғандай, әлеуметтік маңызды бағдарлар үшін автобус парктеріне бөлінген мемлекеттік субсидиялардың 80%-ы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында бөлінеді. 2021 жылы әкімдіктер 93 млрд теңге бөлген, бұл 2020 жылға қарағанда 75%-ға және 2019 жылғы қаржыландырудан 5 есе көп. 2022 жылға 102 млрд теңге қарастырылған.
Көлік комитетіндегілер кешенді жоспар бекітілгенін атап өтті. Ол бойынша әкімдіктер әлеуметтік маңызды бағдарларға көбірек қаражат бөлетін болады.
Сондай-ақ компаниялар мемлекеттік органдардың еліміздегі заңсыз жолаушы тасымалдалына қарсы жүргізіп жатқан жұмыстарына көңілдері толмайтынын айтты. Саладағы маман тапшылығы да сөз болды. Автобус парктерінің өкілдері жүргізуші куәлігіне D санатын қосу үшін жүргізушінің жасына қойылған шектеуді төмендету қажет деп санайды, алайда ІІМ жолаушылар мен жол қозғалысының өзге де қатысушыларының қауіпсіздігін ойлап бұл ұсынысты қолдамады.
«Көкшетау автобус паркі» ЖШС президенті Әсия Шаримова D санатын алу үшін 25 жастан асқан, 5 жыл жүргізу тәжірибесі және D1 ішкі санаты болуы шарт. Алайда адамдар D1 санатын алғаннан кейін минивэндерді, микроавтобустар мен жүк көліктерін жүргізіп жүре береді, олар автобус жүргізуге куәлік алуға құлықты емес деп түсіндірді.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
12.08.2022, 14:20