Қазақстанда дизельге дифференциалды тариф енгізілді
Энергетика министрінің бұйрығына сәйкес, дизельдің литрі 450 теңге тұратын болады, бензин бағасы өзгермейді.
2022 жылдың шілдесінде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дизель отынына дифференциалды тариф әзірлеуді тапсырды. Оның айтуынша отандық мұнай өнімдерін көрші елдерге тасымалдауда жылдар бойы жолға қойылған тәсіл әрекет ететінін айтты.
Осыдан соң энергетика министрі Болат Ақшолақов отандық нарықта дизель отыны бағасының арзандығынан транзиттік көліктер жанармайды Қазақстаннан толтырып алады. Осының салдарынан дизель отынының орташа айлық тұтынымы 120 мың тоннаға артып отыр деді. Сондықтан тапшылық туындатпас үшін, салалық министрлік транзиттік көліктер үшін дифференциалды тариф енгізбекші.
«Бізде бүгінде жылына 5 млн тонна дизель өндіріледі. Біз одан аз көлемде тұтынамыз, санкцияланбаған жылыстау жүріп жатқандықтан, Қазақстан 6 млн тұтынатын секілді көрінеді. Яғни шамамен бір миллионы артық. Демек бұл шиеленіс тудырады. Егер осы процесті ретке келтіретін болсақ, біздің өз қажеттілігімізге дизель отыны жетеді», — деп мәлімдеді Болат Ақшолақов.
Шекара қызметінің деректеріне сүйенсек, Қазақстан аумағына күніне 4,4 мың жүк көлігі кірсе, соның 70%-ы — шетелдік көліктер.
2022 жылдың 22 тамызында бағаларын мемлекет реттейтін мұнай өнімдерінің бөлшек саудасына шекті бағаларды белгілеу туралы энергетика министрлігінің бұйрығы күшіне енді. Бұдан былай дизельдің құны 450 теңге тұратын болады. Айқындалған талаптар бойынша отынның бағасы Нұр-Сұлтанда, Алматы мен Шымкентте литрі 260 теңге, қалған өңірлерде литрі 230 теңге болады.
- жеңіл автомобильдер үшін — лимит тәулігіне 100 литр, қазақстандық жүргізуші куәлігін көрсету қажет;
- жүк, арнайы, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға – лимит тәулігіне 300 литр, көлік құралының тіркеуі туралы куәлігін көрсету қажет;
Бензиннің құны өзгеріссіз қалды:
- АИ-80 — литрі 89 теңге;
- АИ-92 және АИ-93 — литрі 182 теңге, бірақ Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында — литрі 187 теңге.
CARMA.KZ редакциясы Оңтүстік Қазақстанның Жағармай құю станциялары қауымдастығының төрағасы Қайыпбек Қамбаровпен әңгімелескен болатын. Оның айтуынша, дизельге аталған дифференциалды тариф — бизнестің ісіне тікелей араласу. Оған қоса тапшылық ЖҚС-тарда емес, елден тысқарыға отын таситын делдалдарға дизель сататын көтерме сатушыларда туындайтынын айтады.
«Яғни біздің мұнай базаларымызда отынның белгілі бір көлемі бар. Теориялық тұрғыдан ол ішкі сұранысқа жететін еді. Бірақ отынды үлкен көлемде сатып алып, оны көлеңкелі нарыққа шығаратын кейбір делдалдар бар. Сондықтан жағармай станцияларына қалған көлем жетпей қалады», – деп түсіндірді Қайыпбек Қамбаров CARMA.KZ редакциясына.
Ол жүргізушілердің құжатын тексеру процесі қалай реттелетіні әзірге түсініксіз екенін атап өтті. Егер ЖҚС-терде белгілі бір отынға тапшылық туындайтын болса, оны бизнестің өзі шешіп, сатып алу мен сатуды өзі реттеуі тиіс деп санайды.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
22.08.2022, 15:38