Меню CARMA.KZ

Ақтөбе облысында ЖҚС желісі дизельді заңсыз сатқан

Дизель отыны жиын-терім науқанына бөлінген болатын.

Ақтөбе облысында ЖҚС желісі дизельді заңсыз сатқан / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Ақтөбе облысында ЖҚС желісі дизельді заңсыз сатқан / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

2020-2021 жылдары Ақтөбе облысының ЖҚС желісі жиын-терім науқанына бөлінген 12,5 мың тонна дизельді жеңілдетілген бағамен сатып алған. Алайда ауыл шаруашылығы өндірушілеріне оның тек 10,3 мың тоннасын ғана сатқан.

«Қалған 2,2 мың тонна көлеміндегі отынды серіктестік өзінің жағармай құю станциялары желісі арқылы монополиялық жоғары бағаға сатып, 74,4 млн теңге сомасында заңсыз кіріс кіргізген», — делінеді Қаржы мониторингі агенттігінің хабарламасында.

Агенттікте қазір Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы өндірушілеріне арналған арзан дизельді монополиялық жоғары бағамен сату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

2022 жылдың шілдесінде үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жиын-терім жұмыстары кезінде туындайтын дизель тапшылығы мәселесін көтерді. Оның сөзінше, көршілес елдерде біздегі мұнай өнімдерін тысқа шығаруда жылдар бойы ұйымдастырылып қалыптасқан тәсілдер бар.

Ол дизель отынына дифференциалды тарифтер әзірлеуді тапсырды. Осыдан соң Энергетика министрлігі шетелдіктер үшін дизель отыны құнын 450 теңге етіп белгілеуді ұсынды.

Алайда Оңтүстік Қазақстанның «Жанар-жағармай» қауымдастығы бұл бастаманы қолдаған жоқ. Қауымдастықтың төрағасы Қайыпбек Қамбаровтың пікірінше, тапшылық ЖҚС-тарда емес, елден отынды таситын делдалдарға дизель сататын көтерме сатушыларда туындайтынын айтты.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
11.08.2022, 16:15