Меню CARMA.KZ

Жарты миллионға жуық қазақстандықтың көлік салығы бойынша берешегі бар

Жалпы берешек 19,3 млрд теңгені құрайды.

Жарты миллионға жуық қазақстандықтың көлік салығы бойынша берешегі бар / Фото: StockPhoto
Жарты миллионға жуық қазақстандықтың көлік салығы бойынша берешегі бар / Фото: StockPhoto

Мемлекеттік кіріс комитетінің деректері бойынша, Қазақстанда 458,8 мың азамат көлік салығы бойынша қарыздар. Олардың жалпы берешегі 19,3 млрд теңгені құрайды. Оның төленбегені 15,2 млрд теңгені, өсімпұл — 4,1 млрд теңгені құрайды.

Борышкерлердің көбі Алматы облысында (79,9 мың адам 3,2 млрд теңге қарыз) және Алматыда (52,1 мың адам 4,3 млрд теңге қарыз). Қарызы барлар ең аз өңірлер Атырау мен Солтүстік Қазақстан облыстары — 9 мың (349,7 млн теңге) және 9,38 мың (318,2 млн теңге).

«Көлік құралына салық бойынша орташа қарыз 42 мың теңгені құрайды», — деп хабарлады CARMA.KZ-тің сауалына МКК.

Көлік салығы бойынша қарыз

Өңір

Борышкер-лердің саны

Жалпы қарыз (мың теңге)

Берешек (мың теңге)

Өсімпұл (мың теңге)

Ақмола

21 735

569 733

456 438

113 295

Ақтөбе

11 191

338 174

273 199

64 974

Алматы

79 760

3 269 569

2 691 037

578 532

Атырау

9 035

349 719

276 698

73 021

ШҚО

33 284

847 051

698 958

148 093

Алматы

52 128

4 313 615

3 185 324

1 128 291

Нұр-Сұлтан

35 360

2 035 955

1 555 803

480 152

Шымкент

32 327

1 374 241

1 137 006

237 236

Жамбыл

27 632

809 210

658 964

150 246

БҚО

10 932

403 859

298 341

105 518

Қарағанды

28 731

1 051 287

848 680

202 607

Қостанай

12 665

315 817

252 443

63 374

Қызылорда

15 219

592 938

470 051

122 887

Маңғыстау

18 882

1 069 212

802 553

266 659

Павлодар

18 451

737 940

540 878

197 061

СҚО

9 851

318 296

246 480

71 816

Түркістан

41 680

914 241

815 716

98 524

Барлығы

458 863

19 310 857

15 208 570

4 102 287

Ұлттық экономика министрлігі CARMA.KZ редакциясына  2023 жылға арналған көлік салығының мөлшерлемесін өзгертуді жоспарлап отырмағанын айтты.

Қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Қазақстанда көлік салығы қозғалтқыштың көлеміне, жүккөтерімділігіне немесе отыратын орындар санына байланысты.

Ол жылына бір рет төленеді және оның 2022 жылға арналған мөлшерлемелері келесідей:

— жеңіл автомобильдердің салығы қозғалтқыштың көлеміне байланысты:

  • 1100 текше сантиметрге дейін қоса алғанда — 1 АЕК (3 180 теңге);
  • 1100-ден 1500 текше сантиметрге дейін — 2 АЕК (6360 теңге);
  • 1500-ден 2000 текше сантиметрге дейін — 3 АЕК (9540 теңге);
  • 2000-нан 2500 текше сантиметрге дейін — 6 АЕК (19 080 теңге);
  • 2500-ден 3000 текше сантиметрге дейін — 9 АЕК (28 620 теңге);
  • 3000-нан 4000 текше сантиметрге дейін — 15 АЕК (47 700 теңге);
  • 4 000 текше сантиметрден жоғары — 117 АЕК (372 060 теңге);

Қазақстанда 2014 жылғы 31 желтоқсаннан кейін өндірілген/құрастырылған немесе елге әкелінген қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден асатын жеңіл автомобильдерге салынатын салық келесідей есептеледі:

  • 3000-нан 3200 текше сантиметрге дейін — 35 АЕК (111 300 теңге);
  • 3200-ден 3500 текше сантиметрге дейін — 46 АЕК (146 280 теңге);
  • 3500-ден 4000 текше сантиметрге дейін — 66 АЕК (209 880 теңге);
  • 4000-нан 5000 текше сантиметрге дейін — 130 АЕК (413 400 теңге);

— тіркемелерді қоспағанда, жүк көліктеріне салынатын салық жүк көтергіштігіне байланысты,:

  • 1 тоннаға дейін қоса алғанда — 3 АЕК (9540 теңге);
  • 1 тоннадан 1,5 тоннаға дейін — 5 АЕК (15 900 теңге);
  • 1,5 тоннадан 5 тоннаға дейін — 7 АЕК (22 260);
  •  5 тоннадан жоғары — 9 АЕК (28 620 теңге);

— ауыл шаруашылығы техникасына салынатын салық 3 АЕК (9540 теңге) болады;

— автобустарға салынатын салық жолаушылар салонының сыйымдылығына байланысты:

  • 12 орынға дейін қоса алғанда — 9 АЕК (28 620 теңге);
  • 13-тен 25 орынға дейін — 14 АЕК (44 520 теңге);
  • 26 және одан жоғары орыннан — 20 АЕК (63 600 теңге);

— мотоцикл салығы ат күшінің мөлшеріне байланысты:

  • 75 ат күшіне дейін қоса алғанда — 1 АЕК (3 180 теңге);
  • 76 ат күшінен бастап және одан жоғары — 10 АЕК (31 800 теңге).

Жеке тұлғалар салықты есептік кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін, заңды тұлғалар салық кезеңінің 5 шілдесіне дейін төлеуі тиіс. Ал салықты төлемеген жағдайда айыппұл салынады.

Қазақстандықтардың көлік салығы бойынша қарызының жалпы деңгейін төмендету үшін мемлекеттік кіріс комитеті полициямен және ЖСО-лармен бірлесіп борышкерлерге қатысты рейдтер өткізіп тұрады. Жыл басынан бері олар еліміз бойынша 10 мың рет рейдке шыққан. Мұндай шаралардан кейін 130 мың адам жалпы сомасы 5,9 млрд теңгенің қарызын жапқан.

Ербол Казистаев

Ербол Казистаев, корреспондент
28.07.2022, 10:25