Жарты миллионға жуық қазақстандықтың көлік салығы бойынша берешегі бар
Жалпы берешек 19,3 млрд теңгені құрайды.
Мемлекеттік кіріс комитетінің деректері бойынша, Қазақстанда 458,8 мың азамат көлік салығы бойынша қарыздар. Олардың жалпы берешегі 19,3 млрд теңгені құрайды. Оның төленбегені 15,2 млрд теңгені, өсімпұл — 4,1 млрд теңгені құрайды.
Борышкерлердің көбі Алматы облысында (79,9 мың адам 3,2 млрд теңге қарыз) және Алматыда (52,1 мың адам 4,3 млрд теңге қарыз). Қарызы барлар ең аз өңірлер Атырау мен Солтүстік Қазақстан облыстары — 9 мың (349,7 млн теңге) және 9,38 мың (318,2 млн теңге).
«Көлік құралына салық бойынша орташа қарыз 42 мың теңгені құрайды», — деп хабарлады CARMA.KZ-тің сауалына МКК.
Көлік салығы бойынша қарыз
Өңір |
Борышкер-лердің саны |
Жалпы қарыз (мың теңге) |
Берешек (мың теңге) |
Өсімпұл (мың теңге) |
Ақмола |
21 735 |
569 733 |
456 438 |
113 295 |
Ақтөбе |
11 191 |
338 174 |
273 199 |
64 974 |
Алматы |
79 760 |
3 269 569 |
2 691 037 |
578 532 |
Атырау |
9 035 |
349 719 |
276 698 |
73 021 |
ШҚО |
33 284 |
847 051 |
698 958 |
148 093 |
Алматы |
52 128 |
4 313 615 |
3 185 324 |
1 128 291 |
Нұр-Сұлтан |
35 360 |
2 035 955 |
1 555 803 |
480 152 |
Шымкент |
32 327 |
1 374 241 |
1 137 006 |
237 236 |
Жамбыл |
27 632 |
809 210 |
658 964 |
150 246 |
БҚО |
10 932 |
403 859 |
298 341 |
105 518 |
Қарағанды |
28 731 |
1 051 287 |
848 680 |
202 607 |
Қостанай |
12 665 |
315 817 |
252 443 |
63 374 |
Қызылорда |
15 219 |
592 938 |
470 051 |
122 887 |
Маңғыстау |
18 882 |
1 069 212 |
802 553 |
266 659 |
Павлодар |
18 451 |
737 940 |
540 878 |
197 061 |
СҚО |
9 851 |
318 296 |
246 480 |
71 816 |
Түркістан |
41 680 |
914 241 |
815 716 |
98 524 |
Барлығы |
458 863 |
19 310 857 |
15 208 570 |
4 102 287 |
Ұлттық экономика министрлігі CARMA.KZ редакциясына 2023 жылға арналған көлік салығының мөлшерлемесін өзгертуді жоспарлап отырмағанын айтты.
Қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Қазақстанда көлік салығы қозғалтқыштың көлеміне, жүккөтерімділігіне немесе отыратын орындар санына байланысты.
Ол жылына бір рет төленеді және оның 2022 жылға арналған мөлшерлемелері келесідей:
— жеңіл автомобильдердің салығы қозғалтқыштың көлеміне байланысты:
- 1100 текше сантиметрге дейін қоса алғанда — 1 АЕК (3 180 теңге);
- 1100-ден 1500 текше сантиметрге дейін — 2 АЕК (6360 теңге);
- 1500-ден 2000 текше сантиметрге дейін — 3 АЕК (9540 теңге);
- 2000-нан 2500 текше сантиметрге дейін — 6 АЕК (19 080 теңге);
- 2500-ден 3000 текше сантиметрге дейін — 9 АЕК (28 620 теңге);
- 3000-нан 4000 текше сантиметрге дейін — 15 АЕК (47 700 теңге);
- 4 000 текше сантиметрден жоғары — 117 АЕК (372 060 теңге);
Қазақстанда 2014 жылғы 31 желтоқсаннан кейін өндірілген/құрастырылған немесе елге әкелінген қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден асатын жеңіл автомобильдерге салынатын салық келесідей есептеледі:
- 3000-нан 3200 текше сантиметрге дейін — 35 АЕК (111 300 теңге);
- 3200-ден 3500 текше сантиметрге дейін — 46 АЕК (146 280 теңге);
- 3500-ден 4000 текше сантиметрге дейін — 66 АЕК (209 880 теңге);
- 4000-нан 5000 текше сантиметрге дейін — 130 АЕК (413 400 теңге);
— тіркемелерді қоспағанда, жүк көліктеріне салынатын салық жүк көтергіштігіне байланысты,:
- 1 тоннаға дейін қоса алғанда — 3 АЕК (9540 теңге);
- 1 тоннадан 1,5 тоннаға дейін — 5 АЕК (15 900 теңге);
- 1,5 тоннадан 5 тоннаға дейін — 7 АЕК (22 260);
- 5 тоннадан жоғары — 9 АЕК (28 620 теңге);
— ауыл шаруашылығы техникасына салынатын салық 3 АЕК (9540 теңге) болады;
— автобустарға салынатын салық жолаушылар салонының сыйымдылығына байланысты:
- 12 орынға дейін қоса алғанда — 9 АЕК (28 620 теңге);
- 13-тен 25 орынға дейін — 14 АЕК (44 520 теңге);
- 26 және одан жоғары орыннан — 20 АЕК (63 600 теңге);
— мотоцикл салығы ат күшінің мөлшеріне байланысты:
- 75 ат күшіне дейін қоса алғанда — 1 АЕК (3 180 теңге);
- 76 ат күшінен бастап және одан жоғары — 10 АЕК (31 800 теңге).
Жеке тұлғалар салықты есептік кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін, заңды тұлғалар салық кезеңінің 5 шілдесіне дейін төлеуі тиіс. Ал салықты төлемеген жағдайда айыппұл салынады.
Қазақстандықтардың көлік салығы бойынша қарызының жалпы деңгейін төмендету үшін мемлекеттік кіріс комитеті полициямен және ЖСО-лармен бірлесіп борышкерлерге қатысты рейдтер өткізіп тұрады. Жыл басынан бері олар еліміз бойынша 10 мың рет рейдке шыққан. Мұндай шаралардан кейін 130 мың адам жалпы сомасы 5,9 млрд теңгенің қарызын жапқан.
Ербол Казистаев, корреспондент
28.07.2022, 10:25