Меню CARMA.KZ

Италия Еуропада әдетті көліктерден жаппай бас тартылатындығына күмәнмен қарайды

Елдің көлік министрі бұл шешімді «экологиялық көзбояушылық» деп атады.

Италия Еуропада әдетті көліктерден жаппай бас тартылатындығына күмәнмен қарайды / Фото: Ferrari
Италия Еуропада әдетті көліктерден жаппай бас тартылатындығына күмәнмен қарайды / Фото: Ferrari

Италия 2035 жылы Еуропада барлығы бірдей ішкі жану қозғалтқышты жаңа көліктерден бас тартылатындығына сенбейді, деп хабарлайды Bloomberg.

2035 жылдан бастап тек «жасыл» көлік шығаруға көшу ұсынысын Италияның көлік министрі Маттео Сальвини сынап тастады. Оның айтуынша, бұл шешім экономикалық тұрғыдан тиімсіз әрі Еуропа елдеріне зардабын тигізуі мүмкін.

«Бұл ұсыныс экологияға пайда әкелеміз деген көзбояушылық. Мұндай шешім қоршаған ортаны қорғамайды, керісінше он мыңдаған қызметкерді жұмыссыз қалдырады. 2035 жылға қарай бензин мен дизельді көліктерге тыйым салу, оған қоса 2025 жылға қарай Еуро-7 стандарттарына көшуді насихаттау, экономикалық, экологиялық немесе әлеуметтік пайдасын әкелмейтіні анық», ― деді италиялық шенеулік.

Еуроодақта екі жылдан кейін Еуро-7 қозғалтқыштарына көшу жоспарланып отыр. Олар ішкі жану қозғалтқыштарының қоршаған ортаға бөлетін азот оксидтерін шамамен төрттен біріне азайтады деп болжанады. Еуропа сонымен қатар 2035 жылдан бастап  әдеттегі бензинмен жүретінжаңа көліктерді шығарудан бас тартпақшы.

Сальвининің пікірінше,  мұндай шешім,  яғни алдымен экологиялық ішкі жану қозғалтқышын әзірлеуге және өндіріске енгізу үшін ақшаны жұмсау, сосын он жылдан кейін электрлі көліктерден бас тарту ― автомобиль өнеркәсібіне қажетсіз жүктеме тудырады.

Сальвинидің «Еуро-7»-ге қатысты пікірін Stellantis басшысы Карлос Таварес қолдады. Ол мұндай шара саланың электрлі көліктерге ауысуын бәсеңдетеді деп санайды. 2021 жылы италиялық-америкалық автомобиль өндірушісі Fiat Chrysler Automobiles компаниясының француздық Groupe PSA компаниясымен бірігуі нәтижесінде құрылған трансұлттық автомобильдер корпорациясының бас директоры осы жылдың жазында Bloomberg-ке берген сұхбатында, электрлі көліктің ең қымбат құрамдастарының бірі ― батарея екенін еске салды.

Соңғы 10 жылда батареялардың бағасы біршама арзандады. Дей тұрғанмен, электромобильдердің құны әдеттегі көліктермен теңесе алмайтыны анық. Stellantis-тің айтуынша, егер бағаны төмендете алмаса, автоөнеркәсіптің жағдайы нашарлайды. Қазіргі уақытта ішкі жану қозғалтқышты көлік қымбат электромобильдің баламасы болып табылады. Бірақ 2035 жылы Еуропалық Одақтың бастамасы қолданыс тапса, мұндай балама қолжетімсіз болады.

Еуропа одағының ішкі жану қозғалтқышы бар көліктерге тыйым салу ниеті Италияда бірнеше рет сынға іліккен. Биыл Италия мемлекеті Болгария, Португалия, Румыния және Словакиядағы әріптестерімен бірге «жасыл» көлік ұсынысын тағы бес жылға (2040 жылы) шегеруді сұрады. Ал өткен жылы Италия Еуропа одағымен шағын автомобиль өндірушілеріне аталмыш саясатты енгізбеу жайында сөйлескен болатын. Өткен жазда Польша билігі де ІЖҚ-дан бас тарту мерзіміне наразылықтарын білдірді. Польшаның климат және қоршаған орта министрі Анна Москва, Варшава жеткілікті жүріс қоры бар жылдам қуатталатын электрлі көліктерінің болмауына байланысты, бұл шешімді қолдамайтынын айтты.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
09.12.2022, 12:30