Меню CARMA.KZ

Tesla нарықтан 321 мыңнан артық автомобилін кері қайтарып алады

Америкалық электрокарлардың артқы шамдарында ақау бар болып шықты.

Tesla нарықтан 321 мыңнан артық автомобилін кері қайтарып алады / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Tesla нарықтан 321 мыңнан артық автомобилін кері қайтарып алады / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Техастағы электромобиль шығаратын Tesla компаниясы америкалық нарықтан 321 мың электрокарын артқы шамдары сөніп қала беретін болған соң кері қайтарып алғалы жатыр, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің ұлттық басқармасының (NHTSA), ресурсында сенбі күні жарияланған мәлімдемесінде электромобиль өндіруші 2023 жылғы Model 3 және 2020-2023 жылдарғы Model Y  автомобильдерінің артқы шамдарындағы кінәратқа байланысты кері қайтарылатынын айтқан.

Tesla артқы шамдарындағы мәселені жою үшін сымсыз жаңарту жүргізбекші: яғни көлік иелері бағдарламалық жасақтаманы жаңарту арқылы ақауды жоя алады. Компания өкілдерінің айтуынша, аталмыш ақауға байланысты қандай да бір жол апаты немес жарақат алу деректері тіркелмеген.

Алдын ала белгілі болған деректерге сүйенсек,  кейбір электрокарларда ақаудың туындауы бағдарламалық жасақтаманың ауытқуынан болған. Ол көлікті оталдыру кезінде ақауы бары туралы жалған белгі берген.

NHTSA деректері бойынша, Tesla 2022 жылы АҚШ-та автомобильдерін 19 рет кері қайтарып алған екен. Соның барлығында жалпы саны 3,7 млн-нан астам автомобиль кері оралған. Қараша айының өзінде төрт бірдей кері қайтару науқаны жүргізіліп отыр. Әсіресе қыркүйекте бір мезетте 1,1 млн-ға жуық электрокар жаппай қайтарылған болатын.

Ол кезде жаппай кері қайтаруға әйнек көтергіштің қауіптілігі себеп болды. Электрокарлардың кейбірінде реверсивті қозғалыс функциясы жұмыс істемей, салдарынан рама мен әйнек арасындағы механизм әйнекті автоматты түрде түсірмейтін болған.

Өндіруші бұдан жүргізуші мен жолаушы жарақат алып қалуы мүмкін екенін мойындады.  Сөйтіп 2017–2022 жылдары шыққан Model 3, 2020–2021 жылдарғы Model Y, 2021 және 2022 жылдары шыққан Model S және Model X автомобильдерін кері қайтарып алған еді. Ол кезде де ақау бағдарламалық жасақтаманы жаңарту арқылы жойылды.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
21.11.2022, 17:30