Tesla 2023 жылы ең арзан электрокарын жаңартпақшы
Түрлендіруден кейін Model 3 көлігінің бағасы арзандауы мүмкін. Оның қазіргі құны 47 мың доллардан басталады.
Tesla компаниясы бағасы ең арзан Model 3 моделін жаңартып жатыр, деп хабарлайды Reuters басылымы.
2023 жылы Highland жобасы аясында өтетін рестайлинг өндіріс шығындарын азайту үшін және Model 3 көлігін сатып алушыларға қаржылық жағынан қолжетімді ету үшін жасалып отыр. Оның қазіргі құны 47 мың доллардан басталады. Әрі ол 2016 жылы өндіріске шыққаннан бері түбегейлі жаңартылмаған. Нақтырақ айтсақ, автоконцерн инженерлері Model 3 интерьер бөлшектерінің санын азайтып, көлікті құрастыруды жеңілдетпекші.
Reuters инсайдерлерінің айтуынша, Model 3-ті түрлендіру Tesla-ның қымбат Model S (2021 жылы жаңартылған) седанының негізінде жасалған. Атап айтқанда, Tesla инженерлері руль дөңгелегіне демонтаж жасап, оны тұтқаға ауыстырды. Сондай-ақ, дизайнерлер басқару элементтерінің біразын 17 дюймдік сенсорлық дисплейге көшірген. Аталмыш модельдің жаңа нұсқасының аккумуляторы мен трасмиссиясында да өзгерістер болуы мүмкін.
Жаңартылған модельді 2023 жылы таныстырмақшы. Ал өндірісі үшінші тоқсанда Tesla-ның Фримонт пен Шанхайдағы зауыттарында басталады. Түрлендірулерден кейін Model 3-тің қаншалықты арзан болатыны әлі белгісіз. Бірақ қазіргі уақытта бұл модель америкалық электрокар өндірушісінің басқа көліктеріне қарағанда — ең қолжетімдісі. Мысалы, Tesla Model Y Long Range — $62,990 мың, Model X — $114,990 мың, Model X Plaid — $138,990 мың тұрады.
Айта кетейік, Tesla компаниясы биылғы қарашада америкалық нарықтан 321 мың электрокарын артқы шамдары сөніп қала беретін болған соң кері қайтарып алуға мәжбүр болды. Кері алынған көліктердің қатарына 2022 жылғы Model 3-те кірді. Шамамен сол уақытта Tesla АҚШ-тағы 30 мыңға жуық Model X көлігін кері алдырды. Өткені алдыңғы жолаушыға арналған қауіпсіздік жастықшалары дұрыс істемейтін болған.
Жол қозғалысы қауіпсіздігінің ұлттық басқармасының мәліметі бойынша, Tesla 2022 жылы АҚШ-та автомобильдерін 19 рет кері қайтарып алған екен. Соның барлығында жалпы саны 3,7 млн-нан астам электромобиль кері оралған. Қараша айының өзінде төрт бірдей кері қайтару науқаны жүргізіліп отыр. Әсіресе қыркүйекте бір мезетте 1,1 млн-ға жуық электрокар жаппай қайтарылған болатын. Олардың әйнек көтергіштерінде ақау табылған. Электрокарлардың кейбірінде реверсивті қозғалыс функциясы жұмыс істемей, салдарынан рама мен әйнек арасындағы механизм әйнекті автоматты түрде түсірмейтін болған.
Егор Васильев, корреспондент
30.11.2022, 15:00