Қазақстанда көлік өндірісіне қойылатын талаптар жеңілдеді
Жаңа ереже 2023 жылдың 1 ақпанына дейін жарамды болады.
Қазақстанда ABS, қауіпсіздік жастықтары және SOS түймелері жоқ, төмен эко санатқа жататын көліктерді шығаруға рұқсат етілді, деп хабарлайды Kolesa.kz ресурсы.
Ақпарат көзінің мәліметінше, 4 қарашада үкімет Қазақстан Республикасы аумағында шығарылатын жекелеген көліктерге міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігін бағалау ережесін бекітті. Олар 15 қарашада күшіне енеді. Құжатқа сәйкес, 2023 жылдың 1 ақпанына дейін елде ABS, қауіпсіздік жастықтары, SOS түймесі және Еуро-5-тен төмен (Еуро-0-ге дейін) экологиялық класты көліктерге рұқсат етілген.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі солтүстіктегі көршілерімізбен бірлестікте «Лада» және «УАЗ» көліктерін шығаратын өндірушілерді қолдау мақсатында елімізде шығарылатын көліктерге қойылатын талаптарды жеңілдету туралы шешім қабылдағанын айтты.
«Hyundai-ды жеңілдетілген жиынтықта жасайды деп ойламаймыз. Өйткені мұндай көліктерді, үкіметтің қаулысына сәйкес, басқа елдерге экспорттау түгіл, тіпті оларға Қазақстаннан тыс жерлерге де баруға болмайды», — деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Жаңа ереже 2023 жылдың 1 ақпанына дейін жарамды болады. Бірақ алдағы уақытта мерзімі ұзартылуы мүмкін.
Жансая Нурбекова, корреспондент
11.11.2022, 15:11