Меню CARMA.KZ

«Яндекс» АвтоВАЗ-дан такси қызметіне арналған көліктер жеткізуді өтінді

Компания 2023 жылы таксопарктер көлік тапшылығына тап болады деп алаңдайды.

«Яндекс» АвтоВАЗ-дан такси қызметіне арналған көліктер жеткізуді өтінді / Фото: proprikol.ru
«Яндекс» АвтоВАЗ-дан такси қызметіне арналған көліктер жеткізуді өтінді / Фото: proprikol.ru

«Яндекс» қызмет көрсету орталығы «АвтоВАЗ», Unison (Беларусь), BAIC Group және Chery (екеуі де Қытай өндірушісі) көлік өндірушілеріне «Яндекс Такси» сервисі үшін автомобиль жеткізуді сұрады. Өндірушілерден таксопарктерге көлік сататын лизингтік компанияларға көлік жеткізуді реттеуін қалап отыр. Ал «Яндекстің» өзі осы тізбекте делдал міндетін атқаратын болады.

Осылайша, автоөндірушілер автомобильдерге көлемді сұраныс алса, ал таксопарктер үшін жаңа көліктер сатып алуға мүмкіндік туады, деп жазады Forbes басылымы.

«Қазіргі уақытта Lada маркалы автомобильдер біздің қызметімізде тиімді пайдаланылады және өздерін сенімді көлік құралы ретінде көрсетті», — делінген «Яндекс»-тің АвтоВАЗ-ға жазған хатында.

Қазір таксопарктерде көлік жетіспеушілігі жоқ. Алайда, «Яндекс» 2023 жылы көлік тапшылығына тап болатындарына алаңдаулы. Жыл сайын «Яндекс» серіктестеріне такси паркін жаңарту үшін 50 мыңнан артық автомобиль қажет.

 «Автостат» аналитикалық агенттігінің директоры Сергей Целиков, «АвтоВАЗ» да, Ресей нарығындағы үлесін арттырып келе жатқан қытайлық өндірушілер де, автомобиль жетіспеушілік мәселесін шеше алмайды деп санайды.

 «ABS және ESP опциялары қарастырылмаған, жеңіл нұсқадағы «LADA» автомобильдері тиісті қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайды. Яғни бұл таксопарктердің мәселесін шешіп тастай алмайды. Ал қытайлық брендтердің автомобильдеріне келетін болсақ, SUV модельдеріне сұраныс жоғары болғандықтан, Аспанасты елінің автоөнеркәсібінің өкілдері біздің елге тек кроссоверлерді әкелуге кірісті. Алайда, кроссоверлерді такси тасымалы үшін пайдалану тым қымбатқа түседі», — деді Сергей Целиков.

Ол автомобиль жетіспеушілігі жағдайында дилерлерге көліктерді жаппай жеткізу және корпоративті жеңілдіктер жасау тиімсіз екенін айтты. Сондықтан таксопарктер үшін көлік құралдарының тапшылық мәселесі ай өткен сайын өзекті бола түседі.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
03.09.2022, 11:37