Меню CARMA.KZ

Toyota Camry АҚШ-та краш-сынақтан өте алмады

Басқа да седан модельдерінің бірқатары нашар баға алды.

АвтоВАЗ электрлі Largus шығармақшы / Фото: auto.ria.com
АвтоВАЗ электрлі Largus шығармақшы / Фото: auto.ria.com

АҚШ-тың жол қауіпсіздігін сақтандыру институты (IIHS) Toyota Camry, Nissan Altima, Chevrolet Malibu, Honda Accord, Hyundai Sonata, Volkswagen Jetta және Subaru Outback седандарына бүйірлік краш-сынақ жүргізді.

2022 жылы шыққан Toyota Camry сынақтан сүрінді. Бұл дегеніміз, жол-көлік оқиғасында бүйірден соққы кезінде жүргізуші мен жолаушылардың ауыр жарақат алу қаупі жоғары, деп жазады «Автоновости дня».

«Camry-ды сынау нәтижелері жүргізушінің денесі мен жамбасына орташа жарақат салу қаупін көрсетсе, ал артта отырған жолаушының жамбасына жарақат салу қаупі жоғары», — деп атап өтті сынақты ұйымдастырушылар.

Nissan Altima, Chevrolet Malibu және Honda Accord да нашар көрсеткіш көрсетті. Hyundai Sonata мен Volkswagen Jetta орташа баға алса, қауіпсіздіктің жоғары деңгейін көрсеткен Subaru Outback ең жоғары балға ие болды.

«Camry, Altima мен Malibu-да жүргізуші немесе артта отырған жолаушы манекендерінің бастары (немесе екеуінің де) қауіпсіздік пердесінің астына сырғып кетіп, есікке тиген», — деп атап өтті IIHS мамандары.

Краш-сынақ аясында сынақ жүргізушілер көліктерді сағатына 60 шақырым жылдамдықпен салмағы 1,9 тонна болатын кедергімен соқтығыстырды.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
08.08.2022, 11:54