Меню CARMA.KZ

Hyundai мен Rolls Royce бірлесіп ұшатын автомобиль жасайды

Компания оның көмегімен қалааралық тасымалды жүзеге асыруды көздейді.

Hyundai мен Rolls Royce бірлесіп ұшатын автомобиль жасайды / Фото: auto.dip.org.ua
Hyundai мен Rolls Royce бірлесіп ұшатын автомобиль жасайды / Фото: auto.dip.org.ua

Hyundai мен Rolls Royce тіктеп ұшып, қона алатын ұшатын автомобиль жасау үшін бірлесіп жатыр. Осылайша компания 2028 жылға қарай қалалық әуе қозғалысын дамытпақшы. Осыған қатысты ынтымақтастық туралы меморандумға Ұлыбританияның Фарнбородағы халықаралық автосалонда қол қойылды.

Қазір Rolls Royce авиация қозғалтқыштарын шығаратын, озық аэроғарыш және қорғаныс технологияларын ие болып отырған әлемдегі жетекші компания. Hyundai мен Rolls Royce өзара іс-қимылдың нәтижесінде 2025 жылға қарай қалалар арасында адамдарды тасымалдауға арналған автомобиль мен ұшақтың гибридін жасау үшін күштік қондырғыларды жасап шығаруды жоспарлап отыр, деп жазады The Chosunilbo.

«5-6 жыл бұрын ұшақ пен автомобильді біріктіру ойға кіріп шықпаған. Әуе қозғалысы екі саланың арасындағы шекараны жойса, ал Hyundai сутегі аккумуляторларын өндіру және әуедегі қозғалыс саласында бүкіл әлемге өз әлеуетін мойындатқандықтан Rolls Royce-пен әріптестік өмірге келді», — деп мәлімдеді Hyundai-дың өкілдері.

Hyundai Rolls Royce-тан бөлек француздың ғарыш қозғалтқыштарын өндіретін Safran-мен және америкалық ұшақ аккумуляторларын өндіруші Electric Power System-мен де ынтымақтастық орнатты.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
22.07.2022, 13:02