Меню CARMA.KZ

Suzuki

Сузуки тек автомобиль, мотоцикл және моторлы қайық шығаратын компания болып қана қойған жоқ. Мичио Сузуки 1909 жылы Хамамацу жағалауындағы шағын елдімекенде тоқыма компаниясының негізін қалады. Компанияның профилі Жапонияда өте танымал жібек маталарға арналған машиналар өндірісі болғандықтан, бизнес тез өсті.

Тоқыма станоктары сұранысқа ие болғанына қарамастан, Мичио Судзуки өзінің компаниясының елге қажетті басқа да өнімдерді шығара алатынын түсінді. Осылайша шағын автокөлік жасау идеясы пайда болды.

Жоба 1937 жылы қолға алынып, екі жылда бірнеше модель жасалды.

Екінші дүниежүзілік соғыс басталған соң жаңа Suzuki көліктерін шығару жоспары тоқтады. Сол уақытта Жапония үкіметі азаматтық көліктердің «маңызды» тауар емес деп жариялады.

Сөйтіп соғыс басталған тұста Сузуки тоқыма станоктарын жасауға қайта оралды. Жұмысы тағы да пайдаға кенелтті, өйткені Күншығыс елінің армиясына әскери киім-кешек қажет болды. Бірақ 1951 жылы мақта нарығы құлдырап, қуанышы ұзаққа бармады.

Соғыс аяқталғаннан кейін Сузукидің назары қайтадан автомобиль өнеркәсібіне ауды. Бірақ әлі де велосипед мен мотоциклдерге сұраныс көбірек болды. Себебі одан күштірек көлікпен жүруге ол кезде жапондықтардың қалтасы жұқа болатын.

1954 жылға қарай Сузуки айына 6000 мотоцикл шығарып тұрды және ресми түрде атауын Suzuki Motor Co. Ltd деп өзгертті.

1955 жылы «Suzulight» автомобиль моделі шығарылды. Автокөлік алдыңғы және толық жетекті, төрт доңғалақты дербес аспа және тегершік-рейка типті руль механизмі сияқты түбегейлі инновацияларды қамтыды. Арада қырық жыл өткеннен кейін бұл мүмкіндіктер бүкіл әлемдегі автомобильдерде стандартты болды.

1985 жылы Сузуки жапондық көліктердің АҚШ-тың автомобиль нарығын жаулауына жол ашты. Suzuki Америкаға арналған 4WD Samurai моделін шығарды. Спорттық және ыңғайлы көлікті қалайтын жүз мыңдаған американдық Suzuki Samurai-ды таласа сатып алды.

Осылайша тоқыма машиналарын құрастырумен айналысатын санаулы ғана дарынды инженерлердің жұмысынан басталған Suzuki өнім жасап, 170-тен астам елге тарататын 15 000-ға жуық қызметкері бар дүниежүзілік компанияға айналды.