Меню CARMA.KZ

Jaguar

1925 жылы Билл Лайонс пен Уильям Уолмсли есімді екі жас жігіт мотоциклдерге арналған арбалар шығаруға мамандандырылған Swallow Sidecar компаниясын құрды. Бірнеше жыл жұмыс істегеннен кейін олардың өнімдері тұрақты сұранысқа ие еместігін көрген жігерлі Уильям Лайонс сол кездегі танымал Остин Севен көлігінің кузовын жасай бастады және 1927 жылы Лондондағы дилерінен 500 шанаққа тапсырыс алды. Бұл Swallow Sidecar компаниясын қаражат қыспағынан құтқарып қана қоймай, жұмыс істеуге құлшынысын да оятты.

1931 жылға қарай компанияда Fiat 509A, Morris Cowley, Wolsely Hornet сияқты модельдерге арналған корпустар шығарумен айналысты және толығымен дербес дизайндағы автомобильдер пайда болды. Әдетте, бұл қос орындық спорттық салондар болды. 1931 жылдың жазында Лондондағы автосалонда екі модель (Swallow Sidecar SSI және SSII) таныстырылды. Отызыншы жылдары компанияның инженерлік құрамын жақсылап қамшылағаннан соң, атауын Уильям Лионс өзі қойған Jaguar SS90 және Jaguar SS100 екі жаңа моделі жарық көрді. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары спорттық автомобильдер шығарумен айналысатын британдық фирмалар арасында сөзсіз көшбасшылық «Ягуарға» тиесілі болды.

Автомобильдер Хейнс жасаған және 105 а.к. тең қозғалтқыштармен жабдықталды. Jaguar SS100 40-жылдардың классикалық спорттық көлігі болып саналды.

1948 жыл — Лондон Мотор Көрмесі Ягуарға тағы да тағзым етті. Jaguar XK120 160 ат күші бар Heynes қозғалтқышымен жабдықталған және 126 км/сағ жүйткіді, бұл оны сол жылдардағы ең жылдам автомобиль деп атандырды. Елуінші жылдар Jaguar Mk VII моделінің шығуымен басталады. Келесісі цилиндр көлемі 2,4 литрмен қозғалтқыштың қуаты 190 ат күшіне дейін өсірілген XK140 моделі болды, ол 1954 жылы өндірісте Jaguar XK120-ны алмастырды. Елуінші жылдардан бастап Ягуар клондарын Daimler фирмасы шығара бастады.

1957-60 жылдар — Jaguar XK150 Jaguar және XK150 Roadster Солтүстік Америка нарығына шығарылды. Бұл автомобильдер 2,4-тен 3,8 литрге дейінгі қозғалтқыштармен жабдықталған, қуаты 220 а.к. 1961 жылдан 1988 жылға дейін компания жоғары бағаларымен және бірдей жоғары өнімділігімен ерекшеленетін спорттық купелер мен келісті седандардың алуан түрін шығарды. Беделі жағынан Jaguar көліктерін тек Ferrari және Rolls-Royse-мен салыстыруға болады.

1961 жылы — Jaguar XKE моделі Женевадағы көрмеде келушілерді сымбат ерекшелігімен баурады.

1962 жыл — Jaguar MkX америкалық автомобиль нарығында табысқа жетті.

1968 жыл — Уильям Лионс (Сэр Уильям Лионс) және оның серіктестерінің ең жақсы туындысы – ұмытылмас Jaguar XJ6 пайды болған жыл. Бұл модель Женевадағы көрмеде сенсация саналды.

1972 жыл — Jaguar алғаш рет нарыққа жаңа он екі цилиндрлі жаппай өндірілген Jaguar XJ12 көлігімен шықты.

1973 жыл — Jaguar XJ, екі орындық жабық купе. Максималды жылдамдығы 250 км/сағ.

1983 жыл — 3,6 литрлік, 225 а.к., фирмалық жаңа AJ6 қозғалтқышты Jaguar XJ-S шықты.

1984 жыл — Инженеринг жөніндегі директор Джим Рэндл Porsche 959-мен салыстыруға болатын болашақ автомобильдің сипаттамаларын ұсынған кезде, желтоқсанда ең жылдам Jaguar XJ220 моделін әзірлеу басталды.

1986-89 жж. — Jaguar XJ6 сериясы. Қозғалтқыштың көлемі 2,9-дан 4,0 литрге дейін.

1988 жыл — XJ220 шоғырындағы Jaguar-дың сериялық базасында спорттық прототиптерді әзірлейтін Jaguar Sport бөлімшесі ашылды.

1989 — Қарашада Jaguar Ford-тың еншілес кәсіпорнына айналды.

1991-94 жж. — Жаңа XJ модельдер қатары пайда болды.

1996 жыл — Jaguar XK8.

2000 — Jaguar Формула 1 сахнасына оралды. Айтулы оқиғаның құрметіне жаңа спорттық автокөлік шығаруға дайындалды. Jaguar -дың ең шапшаңы саналатын XKR «Silverstone»-нің 100 моделі шығарылды.

2008 жыл — Үндістанның Tata Motors компаниясымен мәміле жасалды, нәтижесінде Jaguar мен Land Rover-дің барлық құқықтары 2,3 миллиард долларға үнді компаниясына берілді.

2019 — Jaguar I-Pace электромобилі 2018 жылғы Еуропаның үздік көлігі атанды. Компания бұл марапатты алғаш рет ие болғанын айта кеткен жөн.