Меню CARMA.KZ

JAC

JAC сауда белгісі Қытайдың Anhui Jiahghuai Automotive Group Co. компаниясына тиесілі, ол 1999 жылдың қыркүйегінде бес компаниямен құрылған: Anhui JAC Automotive Co, Gold Lion Asia Pacific, Аньхой ғылыми-технологиялық орталығы, Аньхой механикалық жабдықтар корпорациясы және Ухань Тианю ақпараттық индустриясы, сондай-ақ ол 230 млн акцияға ие 3700 жеке инвестор.

Компания Қытайдағы ең ірі он кәсіпорынның бірі болып табылады. Жаппай өндіріс 2002 жылы басталды. Қазір өндірісте 10 мыңға жуық адам еңбек етсе, оның 4 мыңы – инженерлер мен жетекшілер құрамы.

40 құрастыру желісінде жүк көтерімділігі 0,5 тоннадан 50 тоннаға дейінгі жүк көліктерінің барлық түрлері, соның ішінде Isuzu лицензиясы бойынша автобустардың түрлері, MPV, жол талғамайтын көліктер, сондай-ақ қозғалтқыштар және басқа да құрамдас бөліктер құрастырылады. 2008 жылы жеңіл автокөліктер шығару қолға алынды.

2008 жылы 104 мың жеңіл жүк көлігі, 35,4 MPV, 10 мың жол талғамайтын көлік және 10,6 мың жеңіл автокөлік шығарылды. Кәсіпорын өнімдері Қытай мен көршілес елдерде сатылады.

2009 жылы JAC Chery Automobile Co-мен біріктіру жоспарын жариялады. Процесс шамамен бес жылға созылуы керек, оның ішінде кәсіпорын өндірістік тәуелсіздігін сақтайды.

2018 жылы «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» зауытында Қостанай қаласында JAC S3 автомобильдерін, оның ішінде шанақтарды дәнекерлеу және сырлау, JAC T6 пикап және коммерциялық көліктер өндірісі іске қосылды.