Меню CARMA.KZ

Hyundai

Hyundai Motor Company — Оңтүстік Кореяның автомобиль өндірушісі. Осы елдегі ең ірі және әлемдегі төртінші автокөлік өндіруші. Штаб-пәтері Сеулде орналасқан. Ол 2000 жылы құрылған Hyundai Motor Group конгломератының бөлігі болып табылады.

1967 жыл — Hyundai Motor Company кореялық Hyundai Busines Gr конгломератының бөлімшесі ретінде құрылды.

1968 жыл — Форд мотор компаниясымен құрастыру өндірісін ұйымдастыру туралы келісім-шартқа қол қойылды.

1977 жыл — Туриндегі автосалонда «Пони» дербес әзірленген алғашқы моделінің тұсаукесері. Компания ішкі нарықта басым орынға ие.

1974 жыл — 55-ші Турин автосалонында «Пони» моделінің тұсауы кесілді.

1975 жыл — Компанияның экспорттық операцияларының басталуы. «Понидің» бірнеше данасы Эквадорға жіберілді.

1976 жыл — «Пони» моделінің үлкен партиясы Таяу Шығысқа, Оңтүстік Америкаға және Африкаға жіберілді.

1978 жыл — «Гранада» моделі шықты.

1985 жыл — «Аксель» Канададағы ең көп сатылған модель болды. АҚШ-тың Анн-Арбор қаласында (Мичиган) жаңа автомобиль технологияларын әзірлейтін жаңа кәсіпорын — Hyundai America техникалық орталығы құрылды.

1986 жыл — Осы жылдың қаңтарында компания Америка Құрама Штаттары нарығына шықты.

1987 жыл — «H 100», «H 250» моделіндегі коммерциялық көліктер шығарыла бастады. Автокөлік өндірісінің жалпы көлемі 2 миллион данадан асты.

1988 жыл — «Соната» моделін шығару басталды.

1990 жыл — «Элантра» моделінің алғашқы көрсетілімі, ол ішкі және сыртқы нарықта бестселлерлердің біріне айналды.

1991 жыл — Компания өзінің 1,5 литрлік қозғалтқышын жасау үшін 125 миллион доллар инвестициялады. Бұл кореялық автомобиль тарихындағы инвестицияға қатысты алғашқы оқиға болды.

1993 жыл — Мамырда «Соната»-ның жаңа буыны шықты. Аустралияның Ұлттық жол және автомобиль қауымдастығы Elantra-ны орта таптағы ең жақсы көлік деп таныды.

1994 жыл — «Акцент» моделінің өндірісі басталды. Компания жылына 1 545 000 көлік шығарып, Корея рекордын орнатты. Экспортқа 394259 автокөлік жіберілді. «Axel» Auto Booke журналының нұсқасы бойынша АҚШ нарығындағы ең жақсы шағын модель деп танылды.

1995 жыл — «Sonata» негізіндегі люкс седан «Marcia» моделі шықты. Accent және жаңа Elantra үшін жаңа беріліс қорабы әзірленді. Жаңа DOCH қозғалтқышы пайда болды.

1996 жыл — Женева автосалонында «Купе» моделінің тұсаукесері өтті.

1998 жыл — Hyundai кореялық Kia Motors автоөндірушісін сатып алды.

2000 жыл — Компания бірнеше жыл бойы жұмыс істеген Daimler Chrysler-мен стратегиялық альянсқа кірді.

2006 жылдан бастап Кореяның Ульсан қаласындағы бес кәсіпорыннан тұратын Hyundai зауыты әлемдегі ең ірі автомобиль өндірушісі болып саналды.

2020 жыл — Алматыда Hyundai Trans Kazakhstan зауыты (Астана Моторс еншілес кәсіпорны) іске қосылды.