Haval
Haval — 2013 жылы құрылған қытайлық автомобиль бренді, кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктер шығаруға арналған Great Wall Motors-ты4 бөлімшесі.
Great Wall 2002 жылы кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктерді шығара бастады, бірінші моделі Great Wall Safe болды, ол 1989 жылғы Toyota 4Runner-дің лицензиялық көшірмесі болды.
2005 жылы Great Wall Hover кроссовері (кейінірек Haval H3 деп аталды) пайда болды, ол Еуропалық Одақ сертификатын алған алғашқы қытайлық жол талғамайтын көлік. 2011 жылы Hover 2012 жылғы Қытай жол талғамайтын көлігі атағын алған Haval H6 кроссоверіне ауыстырылды. 2003 және 2013 жылдар аралығында Great Wall Motor әртүрлі елдерде миллионға жуық кроссовер сатты. 2013 жылы Haval бренді — Great Wall Motors жол талғамайтын көліктердің бөлімшесі тіркелді.
2015 жылы даму стратегиясының бөлігі ретінде модельдер қатары логотиптің түстеріне сәйкес екіге: Haval Red (классикалық модельдер) және Haval Blue (спорттық модельдер) болып бөлінді. 2015 жылғы Шанхай автосалонында Haval бренді 17 автокөлік моделін ұсынды. 2018 жылы Haval H6 моделі әлемдегі ең танымал кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктердің үздік 10-дығына кіріп, 7-ші орынды иеленді.
2018 жылы Haval модельдері әлемнің 40 елінде сатылады. Негізгі сату нарықтары, Қытайдан басқа, Африка, Оңтүстік Америка, Таяу Шығыс және Шығыс Еуропа елдері болып табылады.
2015 жылдан бері Тула облысының Узловский ауданындағы Узловая индустриалды паркінде Haval зауыты салына бастады. Жобаға құйылған инвестиция шамамен 500 миллион долларды құрады (және бұл Қытайдан тыс жерде салынған Great Wall концернінің алғашқы зауыты). Жалпы ауданы 2,16 млн шаршы метр болатын зауыт Fagor пресі орнатылған штамптау цехы, дәнекерлеуші 80 ABB роботы, бояу және құрастыру цехтарынан тұрады. 2018 жылдың желтоқсан айында зауытта сынақ режимінде Haval F7-нің бірінші данасы құрастырылып, ресейлік сертификатты алды. 2019 жылдың маусым айында зауыт өз жұмысын бастады. Бірінші кезеңде учаске шамамен 30% жерсіндіру деңгейімен (атап айтқанда, ресейлік жеткізушілер әйнек пен дауыс басқыш жасайды) жыл сайын 80 мың автомобиль шығара алады; екінші кезеңде қуаттылығы жылына 150 000 көлікке дейін жетеді. F7, H9 және H6 модельдерін шығару жоспарланған.
2020 жылдың қыркүйегінде Haval Motor Manufacturing Rus компаниясы Ресей Федерациясының Индустрия және сауда министрлігімен арнайы инвестициялық келісімшартқа қол қояды. Келісімшартқа сәйкес қозғалтқыштар, редукторлар, электронды блоктар мен басқару жүйелері жерсіндірілмек. 2020 жылдың қарашасында қуаттылығы жылына 80 000 қозғалтқыш шығаратын қозғалтқыш зауытының құрылысы басталды. Кәсіпорынды іске қосу 2022 жылға жоспарланған.