Geely
Geely холдингі автомобиль бизнесімен 1992 жылдан бастап айналысады (осыған дейін компания жылжымайтын мүлік және әрлеу материалдары нарығында жұмыс істеген), Жапонияның Honda компаниясымен серіктестік орнатылып, лицензиялы скутерлер, жеңіл мотоциклдер және оларға арналған аксессуарлар шығару жолға қойылды.
Бүгінгі таңда Geely автомобиль зауыты Қытайдағы ең ірі жеке автокөлік өндірушісі болып табылады. Оның әлемдегі ең ірі автокөлік өндірушілерімен ынтымақтастығы брендтің тек ел ішінде ғана емес, сонымен қатар шетелде де танымалдылығының тұрақты өсуіне жағдай жасап отыр.
1994 жыл — Geely өз брендімен мотоциклдерді құрастыра бастады.
1997 жыл — Толығымен қытайлық мамандар жасаған алғашқы скутер моторы шығарылды.
1998 жыл — Geely брендінің бірінші моделі Чжэцзян провинциясында өткен ұлттық көрмеде көрсетілді.
2001 жыл — Geely Қытайдағы көлік шығаратын алғашқы жеке меншік компания болды.
2004 жыл — Компания 96 000 көлік шығарды.
Қазіргі уақытта компанияның модельдік ассортименті 15 автокөлікті құрайды. Жыл сайын нарықта Geely брендімен 2-3 жаңа автомобиль моделі пайда болады. Қытайдан тыс жерде бүгінде Geely көліктеріне арналған 108 сату және қызмет көрсету орталығы бар.
Бизнестің ресейлік бағыты басымдықтардың бірі болып табылады. Новоуральск қаласында (Свердлов облысы) Қытайдағы автомобиль нарығында танымал Geely CK-1 седанын құрастырылады. Техникалық жарақтандырылу және құрастыру сапасы жағынан жоғары, В-санатқа жататын аталмыш седан Ресей нарығында саудалау үшін «Geely Otaka» атауына ие болды.
2008 жылы Ресейге Geely-дің MK гольф класындағы седан, кейінірек FC бизнес-класс седаны секілді басқа модельдері де экспорттала бастайды деп күтіледі.
Көліктер Ресейдің ірі қалаларындағы дилерлік орталықтарда сатылып, қызмет көрсетіледі.
2010 жылы компания 1 миллион автокөлік шығаруды, 15 жаңа модельді, 8 жаңа қозғалтқышты, 6 жаңа автоматты беріліс қорабын енгізуді жоспарлады. Сонымен қатар, шығарылатын көліктердің үштен екісіне жуығын компания экспортқа шығаруды көздеді. Geely-дің сыртқы нарықтағы басты бәсекелестік артықшылығы — автомобильдер арзандығы және барынша жабдықталуы.