Ford
Ford Motor Company — Ford, Mercury, Lincoln автомобильдерін, жүк көліктерін және әртүрлі ауылшаруашылық құралдарын шығаратын американдық автомобиль компаниясы. Форд Ягуарға иелік етеді. Штаб-пәтері Мичиган штатындағы Дирборн қаласында орналасқан.
1903 жыл — Генри Форд кареталар шығаратын шағын фабриканың ғимаратында Форд Мотор компаниясының негізін қалады. Компанияның активтері құрал-саймандардан, станоктардан, нұсқаулықтардан, сызбалардан, патенттерден, бірнеше модельдерден және 12 инвестор берген 28 000 доллардан тұрды. Сол жылдың өзінде Ұлыбританияға автокөліктер экспорты басталды.
1904 жыл — Канадада компанияның филиалы ашылды. Компания шығарған автомобильдерде кардан жетегі пайда болады және конустық берілістер қолданылды.
1906 жыл — Генри Форд компанияның қажетті акцияларын сатып алып, өз үлесін 58,5% -ға дейін арттып және оның президенті болды.
1907 жыл — Легирленген болат автомобиль шассиін өндіруде қолданылды. Сол жылы компанияның Парижде кеңсесінің ашылуы болды.
1908 жыл — Цилиндрлерді бір блокқа құю технологиясы қолданылды. Сол жақ жетекті T сериялық моделі пайда болады. Форд оны әмбебап машина деп атады. Жолсыз жерлерге бара алатын қымбат емес және сенімді көліктің символына айналды. T моделі миллиондаған американдықтардың тәнтін етіп, олар оны Лиззи деп атады. Модель шығарылған алғашқы жылы 10 660 автокөлік сатылды, бұл сол кездегі автомобиль өнеркәсібіндегі бұрын-соңды рекорд еді.
1911 жыл — Ұлыбританияда Фордтың еншілес кәсіпорны ашылып, құрастыру зауыты салынды.
1913 жыл — Әлемде алғаш рет автомобиль шығаратын кәсіпорында конвейерлік құрастыру енгізілді. 1913 жылдың аяғында Ford Motor Company АҚШ-тағы барлық автомобильдердің жартысын шығарды. Сұраныстың алдын алу үшін Форд өз зауытына жаппай өндірісті енгізді. Әрбір жұмысшы бір орында тұрып, бір операцияны орындайтын болса, онда машина тез құрастырылады, адам еңбегінің сағаты қысқарады деп дұрыс пайымдаған. T моделі бір жұмыс күні ішінде әр он секунд сайын конвейерден шығып тұрды.
1914 — Генри Форд Ford Motor Company үшін ең төменгі жалақы күніне 5 долларды құрайтынын жариялап, әлемді таң қалдырды, бұл қолданыстағы ең төменгі жалақыдан екі есе көп еді. Ол қымбат емес машиналарды көп мөлшерде шығару мүмкіндігін ескере отырып, егер жұмысшылар оларды сатып алса, сауда одан сайын қыза түседі деп ойлады.
1917 жыл — Ирландия мен Буэнос-Айресте филиалдар ашылды. Компания жүк көліктері мен тракторлар шығара бастады.
1918 жыл — Форд компаниясы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінен белгілі болған Igl сүңгуір қайықтарын жаппай шығарды.
1919 — Компанияны толығымен Генри Форд пен оның ұлы Эдзель өз қолына алды, содан кейін ол әкесінің орнына президент болды. Компанияның филиалы Испанияның Кадис қаласында өз жұмысын бастады.
1922 — Форд Линкольн мотор компаниясын сатып алды.
1923-26 жж. — Римде, Голландияда, Мексикада компанияның бөлімшесі, Берлинде компанияның құрастыру зауыты ашылды. 1925 жылы, кейін американдық алғашқы коммерциялық әуе компаниялары пайдаланған 196 ұшақтың алғашқысы жасалды.
1927-30 жж. — T моделі ескірді. Жақсартылған, бірақ көп жылдар бойы өзгермей келген ол, Фордтың бәсекелестері ұсынатын неғұрлым стильді және күшті машиналарға жол бере бастады. 31 мамырда бүкіл ел бойынша Ford зауыттары барлық жағынан жақсартылған жаңа А моделін шығару үшін қайта жабдықталуға алты айға жабылды. Алғаш рет қауіпсіздік әйнегі автомобильдерде стандартты ретінде қолданылды. 1927 жылы Жапонияда корпорацияның зауыты, одан соң Шанхайда техникалық бөлімі мен сервистік орталығы ашылды, бір жылдан кейін Аустриядағы зауытта компанияның көліктерін құрастыру басталды. 1929 жылы алғашқы сериялық «универсал» өндірісі басталды.
1932 жыл — V-тәрізді 8 цилиндрлі қозғалтқыштардың сериялық өндірісінің басталуы. Ford Motor Company монолитті сегіз цилиндрлі блок шығаратын бірінші компания болды. Фордтың бәсекелестері V-8 қозғалтқыштарын жаппай шығара бастағанға дейін арада тағы бірталай жыл өтеді. Осы уақыт ішінде Ford көлігі мен оның сенімді қозғалтқышы ақшаны үнемдей білетін американдықтардың негізгі таңдауы болып қала берді. Осы жылы Кельн қаласында құрастыру зауыты ашылды.
1942-47 жж. — Азаматтық көліктердің өндірісі күрт тоқтады, өйткені компания барлық күш-жігерін әскери қажеттіліктерге бағыттады. Эдзель Форд бастаған соғыс кезеңіне арналған үлкен бағдарлама 3 жылға жетпей 8 600 төрт қозғалтқышты V-24 Liberator бомбалаушы ұшақтарын, 57 000 ұшақ қозғалтқыштарын және 250 мың миллионнан астам танк пен танкіге қарсы қондырғыларды және басқа да әскери техникаларды шығарды. Эдзель Форд 1943 жылы өзінің бағдарламасы шарықтау шегіне жеткен тұста қайтыс болды. Генри Фордтың үлкен немересі Генри Форд II 1945 жылы 24 қыркүйекте компанияның президенті болды. Қарт Форд жұбайы Кларамен Дирборндағы Faea Lane жерінде тыныштықта өмір сүріп, 1947 жылы 7 сәуірде 83 жасында қайтыс болды.
1949 жыл — 1948 жылы маусымда Нью-Йорк көрмесінде ұсынылған жаңа модель компанияға американдық автоөндірушілер арасында 2-ші орынды әперді. 1949 жылы Ford Motor Company шамамен 807 000 көлік сатады, бұл кірісті 94 миллион доллардан (алдыңғы жылы) 177 миллион долларға дейін арттырып, 1929 жылдан бергі уақыт ішіндегі ең жоғары сатылымға қол жеткізілді. Генри Форд II-нің соғыстан кейінгі қайта құру бағдарламасы компанияны тез сауықтырды. Нәтижесінде АҚШ-та 44 өндірістік зауыт, 18 құрастыру зауыты, 32 бөлшектер қоймасы, екі үлкен сынақ алаңы және 13 инженерлік-зерттеу зертханасы тұрғызылды.
1950-63 жж. — Қозғалтқыштарды құрастыруға арналған аспалы конвейер енгізілді, шанақ бөлшектерін өндіруде автоматты престер мен дәнекерлеу желілері қолданылды. Алғаш рет компанияның көліктерінде 4 бағытта механикалық реттелетін орындық пайда болды. Қауіпсіздік белдіктерінің нұсқасы ретінде қондырғы ұсынылады. 1956 жылы Ford Motor Company ашық компанияға айналды. 60-жылдардың басында бірқатар автомобильдердің төбесінде жарық шамы, сондай-ақ AM/FM толқынындағы радиолары пайда болды.
1964 жыл — Мустанг моделі таныстырылып, елдегі көрме залдарына көпшілікті тартты. 1965 жылы 4 орындық сүйкімді Mustang Америкада үлкен сұранысқа ие болды. Алғашқы 100 күнде бұл көліктердің 100 000 сатылды. Жылдағы жалпы сатылым 418 812 көлікті құрады, бұл компанияға 1 миллиард доллар пайда әкелді.
1968-70 жылдары өздігінен реттелетін қалқымалы калибрлі тежегіштер мен рульге орнатылған жылдамдықтарды ауыстырғыштардың пайда болған кезі. 1968 жылы алғашқы 1,6 литрлік Escort Twin Cam өзінің жарыс мансабын бастады. Ол маусымды сәтті ашып, Ирландияда, Дания, Аустрия, Акропольде және Шотландия раллиінде сегіз апта бойы жеңіске жетті. Бірінші маусымның аяғында Эскорт Финляндиядағы әйгілі 1000 көл раллиінде жеңіске жетіп, жаңа автомобиль Фордтың раллиден әлем чемпионатында мықты позицияға орнағып қалуға көмектесті. Автокөліктің жылдамдығын бақылаудың электронды жүйесі енгізілді. Twin Cam Escort дизайны бар модельдер 1969 және 1970 жылдары бүкіл әлемде жеңіске жетуді жалғастырды.
1973-78 жылдар — Бампер дизайнында эластомерлер қолданыла бастады. Компанияның Бордодағы зауыттары іске қосылды. EEC-I қозғалтқышын электронды басқару пайда болады
1985-87 — 80-жылдардың басындағы құлдыраудан кейін тағы да табысқа жетелеген оқиға болды. Газ бағасының шарықтауы және оны сату көлемінің азаюы Форд Мотор компаниясын отын үнемдейтін және дизайны жағынан ерекшеленетін көлікті жасауға итермеледі. Ол орта және келісті автомобильдердің орта нарық сегменттерінде әлемдік деңгейдегі алдыңғы орында болуы керек еді. Нәтижесінде Ford Taurus пайда болды. Бұл модель 1986 жылдың көлігі атанып, ал 1987 жылы Америкада бестселлер болды. Сол жылы Aston Martin-Lagonda фирмасының 75% акциясын сатып алды.
1990 жыл — Ягуар фирмасы корпорацияға кірді, бір жылдан кейін немістің Фольксваген корпорациясымен Ford Galaxy көп мақсатты автомобильді шығару үшін бірлескен кәсіпорын құрылды. Компания инновациялар мен өзгерістерге ашық болды. Бір қызығы, конвейерді енгізуде алғашқы болған Ford Motor Company ірі корпорациялар арасында бірінші болып одан бас тартты, өйткені заманауи жұмысшылар тәуелсіз шығармашылық элементі бар жұмысты орындауда өнімдірек болды.
1993 жыл — Ford Mondeo дебют жасады және бірден өз санатында жаңа қауіпсіздік стандарттарын орнықтырды. Келесі жылы бұл көлік Еуропада «Жыл көлігі» деп танылды және сатып алушылардың сүйіктісіне айналды. 1994 жылы Windstar шағын автобусы да пайда болды. Сол жылы Aston Martin-Lagonda-ның қалған акциялары сатып алынды.
1996 жыл — 250 миллионыншы автокөлік конвейерден шықты. Ка моделін сату басталды. 1998 жылы Ford Motor Company жалпы көлемі бойынша әлемдегі 2-ші ірі автомобильдер мен жүк көліктерін өндіруші болды.
2000 жыл — 126 автомобиль журналистінен тұратын халықаралық қазылар алқасы бұрын-соңды болмаған «Ғасыр көлігі» («Ғасыр көлігі») байқауының қорытындысын шығара отырып, аты аңызға айналған Форд Т. Тин Лиззиді («Тин Лиззи») таңдады. Ол жаппай масштабта конвейерде құрастыру жолға қойылған алғашқы көлік болып табылды. Жаңа әдіс машиналардың ауқымды өндірісін бастауға, олардың сапасын жақсартуға және өзіндік құнын күрт төмендетуге мүмкіндік берді. Дәл осы конвейерде құрастыру көлікті барлығына қолжетімді көлік құралға айналдыруға, оның сапасын жақсартуға және өзіндік құнын күрт төмендетуге мүмкіндік берді. Ал нағыз сериялық автомобильдер сериясының біріншісі Форд моделі болды.
2001 жыл — Компания жаңа Ford Mondeo моделін енгізді. Оның пайда болуын революциялық оқиға деп санауға болады. Ford Motor компаниясының еуропалық бөлімшесі әзірлеген аталмыш көлік түбегейлі жаңа конструкторлық технологиялары негізінде жасалды. Бұл техникалық төңкерістің мәні компьютерлік жобалау жүйелері, автоматтандырылған дизайн және кең көлемді ақпараттық базасы болып табылатын SZR деп аталатын қуатты бағдарламалық өнімде болды.
Бүгінгі таңда Ford Motor компаниясының әлемнің 30 елінде жеке өндіріс, құрастыру және сату орталықтары жұмыс істейді. Компания жыл сайын миллиондаған жеңіл көліктер, жүк көліктері мен тракторлар шығарады және Солтүстік Америкадан тыс жерлерде автокөлік сату бойынша бірінші орында. Ford Motor Company бүкіл әлем бойынша Ford, Lincoln, Mercury, Jaguar және Aston Martin брендтерімен шығарылған 70-тен астам түрлі автомобильдер модельдерін сатады. Сондай-ақ компанияның Mazda Motor Corporation және Kia Motors компанияларында үлесі бар.