Меню CARMA.KZ

Chery

Кәсіпорынның тарихы 1997 жылы Қытай үкіметі жылына 60 000 автокөлік пен 300 000 қозғалтқыш шығара алатын жаңа автомобиль зауытының құрылысына 1,75 миллион юань бөлген кезде басталды.

Компанияның даму кезеңдері:

1997 жылдың 18 наурызы — жұмыс басталған күн.

1999 жылдың 18 мамыры — бірінші SQR қозғалтқышы шығарылды.

1999 жылдың 18 желтоқсаны — алғашқы CHERY автокөлігі конвейерден шықты.

2001 жылдың 3 қаңтары — Saic-Chery Automobile Co., Ltd. компаниясының негізі құрылды.

2001 жылдың 5 ақпаны — кәсіпорын ISO9001 стандартынан өтті.

2001 жылдың 18 маусымы — он мыңыншы CHERY автокөлігі шығарылды.

2001 жылдың 28 желтоқсаны — 30 000 көліктің межесі бағындырылды.

2006 жылы Ресей нарығына кіргеннен бастап Chery жергілікті жерде автомобиль шығаруды бастау әрекетін тоқтатпады. Бұл үшін серіктестер тартылды –атап айтқанда, Калининградтағы «Автотор» зауыты, сондай-ақ Ростов облысындағы TaгАЗ кәсіпорны. TaгАЗ-да құрастырылған Chery автокөліктері зауыттың дилерлік желісі арқылы өзінің Vortex дербес маркасымен сатылды.