Меню CARMA.KZ

Cadillac

Кадиллак — француздық Антуан де ла Моте Кадиллак фамилиясының ағылшынша айтылуы. Гасконияда туған француз әскери офицері және отаршылдық әкімшісі Антуан де ла Моте Кадиллак, 1697 жылы Франция королі Людовик XIV-ке АҚШ-тың солтүстік-батысында сауда орталығын салу жоспарын ұсынды. Король мақұлдаған соң Кадиллак 1701 жылы Pontchartrain (қазіргі Детройт) әскери фортының негізін қалады. Компанияның атауы осы жерден шыққан.

Бірақ нақтысы Cadillac Motor Car Division-ның аталған французға бұдан басқа еш қатысы жоқ. Автомобиль өнеркәсібінің негізін 1909 жылы Генри Лиланд қалады. Бірақ компанияның негізін қалаушы кім екенін түсіну үшін тарихқа сәл тереңірек бару керек.

1861 жылы АҚШ-та солтүстік пен оңтүстік штаттар арасындағы азамат соғысы басталмағанда, Лиландтың өмірі басқаша болуы әбден мүмкін еді. Майдан қару-жарақты талап етті. Қару-жарақ зауыттарында білікті механиктер жоғары бағаланды және жақсы ақша табуға болатын еді. Лиландтың Спрингфилдтегі қару зауытына келген кезі осы тұс болатын. Ке кейін Коннектикут штатындағы Хартфордтағы Gold Revolver зауытына көшті. Сол кезде Gold компаниясы стандарттау және бөлшектерді дәлдікпен жасау саласында көшбасшысы болды және Лиланд сонда көп нәрсені үйренді.

Лиландтың өзі ХХ ғасырдың басында-ақ жоғары білікті маман ретінде беделге ие болып, 1902 жылы Генри Фордтан жұмысқа шақыру алды. Алайда, дәл сол кезде Форд бас инженер болған Детройттағы автомобиль зауыты банкротқа ұшырап, Лиландтан оның жабдықтарының құнын бағалауды және кәсіпорынды сатуға дайындауды сұрады. Дәл сол кезде кәсіпорынды қайта құрып, онда жоғары санатты автомобильдер шығаруды жолға қою идеясы пайда болды. Форд пен Лиланд жаңа фирманы аты аңызға айналған Луизиана губернаторы және Детройттың негізін қалаушы Маркиз де Кадиллактың атымен атауды ұйғарды. Осылайша 1902 жылдың тамызында Cadillac Motor Car компаниясы дүниеге келіп, оның директоры және техникалық кеңесшісі 60 жаста Генри Лиланд болды.

Cadillac брендімен алғашқы прототип 1902 жылы 17 қазанда пайда болды, ал келесі жылдың қаңтарында компанияның өнімдері Нью-Йорктегі көрмеде көрсетілді. Сол жылдың наурыз айында кәсіпорында автокөліктердің сериялық шығарылымы басталды. Лиландтың Cadillac-та алуан түрлі міндеті болғанымен, жалпы жаңа технологияларды енгізуге және автомобильдерді жақсартуға жауапты болды. Дәл осы жерде қару-жарақ компаниясының қызметінде жинақталған тәжірибесінің пайдасын көрді. Лиланд автомобиль өндірісіне Кольттың револьвер өндірісінде пайдаланған принципін қолдануды ұйғарды. Өздеріңіз білетіндей, «писмейкерлер» бірін-бірі алмастыратын бірдей бөлшектерден құрастырылды.

Қаласаңыз, ондаған револьверді бөлшектеп, бөлшектерін үйіп қойып, содан соң қаруды көзді жұмып жинауға болды. Револьверлердің барлығы осыдан соң атуға жарамды болып беретін.

Лиландтың да таңдаған жолы сол болды. Ол жарнамалау мақсатында сол әдісті жасады. Рас, бірақ көлік саны он емес, бар болғаны үшеу болды. «Кадиллактарды» күлдей етіп шашып тастағандары сондай, бөлшектері жиналғандардың алдында тау боп үйіліп жатты. Осыдан соң оларды бір жерге жинап, арада біраз уақыт өткен соң жұрттың көз алдында үш автомобиль қайта пайда болып, қозғалтқыштары дүрілдеп жұмыс істеп тұрды. Міне, Лиландтың қажырлы еңбегінің арқасында Cadillac автомобиль құрастыру саласында алғаш рет сәйкес келетін бөлшектерді қолдана бастады. Әрі қарай бұл жетістікті Генри Форд қолға алып, конвейерлік өндірісті жолға қойды.

Айтпақшы, Cadillac жетістіктеріне қызығушылық білдірген тек Форд қана емес. Оған бәсекелестері де қызығушылық танытты, атап айтқанда, 1909 жылы 29 шілдеде Кадиллакты сатып алған General Motors та бар. Лиланд пен оның ұлы компанияны 5,6 миллион долларға сатты, бірақ өздерінің басқарушылық лауазымдарын сақтап қалды. Десе де Лиландтардың бөтен адамға тиесілі кәсіпорында жұмыс істеуді ұнатуы екіталай, бірақ олар өз жұмысын адал атқарды...

Әскерилер арасында армия жарғысының әрбір жолы қанмен жазылады деген сөз бар. Өнертабыстар туралы да кейде дәл осылай айтуға болады. Бір күні Лиландтың досы Байрон Картер өзінің Cadillac-ын стартердің тұтқасымен оталдыра бастады – бұл сол кездегі үйреншікті нәрсе еді! Қозғалтқыш қиқарланып, бірақ содан кенеттен қосылды және айналдырып кеткен тұтқа адамға барып тиді. Негізі бұл да жиі болып тұратын жәйт. Алайда, Картердің алған жарақаты ауыр болдып, арада бірнеше сағат өткен соң қайтыс болды.

Оқиға 1910 жылы болды. Лиланд Картердің күлкілі өліміне қатты таңғалғаны соншалық, ол өзінің құрған көліктері ешкімді өлтірмейді деп досының қабірінде сөз берді. Сөйтті де автоматты стартер жасауды басталды. Ал 1911 жылы «Кадиллактарда» Чарльз Кеттеринг жасаған электрлік стартер пайда болды. 1912 жылдан бастап электрлік стартер стандартты жабдыққа айналды. Сонымен қатар, Лиландтың күшімен Cadillac автомобильдерінде алдын ала реттеуі бар автоматты оталғышпен және басқа да бірқатар жаңалықтар пайда болды.

1917 жылы Лиланд Cadillac Motor Car автокөлігін тастап, біраз уақыттан кейін 12 цилиндрлі ұшақ қозғалтқыштарын шығаруға маманданған Линкольн мотор компаниясын құрды. Бұл қозғалтқыштар Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде американдық ұшақтарда қолданылды. 1920-21 жылдары Лиланд ұлымен бірге автомобиль жасаумен айналысатын Делавэрдегі Lincoln Motor Car компаниясын құрды. Бір қызығы, ол кезде дизайнердің жасы 80-ге жақындап қалған болатын! 1922 жылы бұл компанияны Форд сатып алды.

Лиландтың өзі тағы он жыл өмір сүріп, 1932 жылы қайтыс болды. Автомобиль өнеркәсібіндегі қызметі үшін оның есімі Детройттағы «Автокөлік даңқ залының» қабырғаларында мәңгілікке жазылып қалды.