Меню CARMA.KZ

Таиланд Ресейге қосалқы бөлшектер жеткізуге дайын

Бангкок Ресейге қажетті құрамдастардың толық тізімін күтіп отыр.

Таиланд Ресейге қосалқы бөлшектер жеткізуге дайын / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Таиланд Ресейге қосалқы бөлшектер жеткізуге дайын / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Таиланд Ресей Федерациясына автокөлік бөлшектерін экспорттауға дайын, деді Таиландтың Ресей Федерациясындағы елшісі Сасиват Вонгсинсават РИА Новости-ге берген сұхбатында.

Дипломаттың айтуынша, бұған дейін ресейлік компаниялар мен жергілікті органдардың кейбірі Таиландтан бөлшектер сатып алуға қызығушылық танытқан. Бангкок ресейлік компаниялардың сұранысын қанағаттандыруға дайын. Қазір олардан жеткізу көлемі мен сипаттамалары туралы толық тізімді күтіп отыр.

«Қазіргі уақытта біз олардан толық тізімді күтеміз. Яғни құрамдастар мен бөлшектер қандай көлемде және олар жеңіл көліктерге, жүк көліктерге әлде нақты бір модельдерге арналған бола ма, соны білуіміз қажет», — деп түсіндірді Вонгсинсават ресейлік басылыммен тілдескенде.

Сонымен қатар, ол әмбебап бөлшектердің, атап айтқанда май және ауа сүзгілері, резеңке бөлшектер, басқа да көлікке арналған керек-жарақтарды Ресейге жөнелтуге дайын екендігіне сендірді.

Таиландтың автомобиль өнеркәсібі ― Оңтүстік-Шығыс Азияның іргелісі. Ашық статистикаға сәйкес, Таиланд 2021 жылы көлік өндірісі бойынша (негізінен шетелдік компаниялар) оныншы орында тұр. Оған қоса, бұл елде қосалқы бөлшек өндірісі де дамыған.

Таиланд металл өнімдерін Жапониядан көп көлемде импорттайды (2018 жылы 5,9 миллион тонна болат).Оның 20%-ға жуығы автомобильдер мен құрамдастар өндірісіне жұмсалады. Жергілікті компаниялар осы жылдың көктемінде Ресейден кеткен қосалқы бөлшектерді өндірушілердің орнына келуге ниетті болды.

Осыған қатысты келіссөздерді 2022 жылдың мамырында Ресейдің экономикалық даму министрі Максим Решетников пен Таиландтың сауда министрі Чурин Лаксанависит жүргізген болатын. Сарапшылардың болжауынша, Таиланд компаниялары кез келген көліктің құрамдастарын жасай алады.

Жапонияның автомобиль өндірушілері қауымдастығы таиландық кластерді АСЕАН-дағы ең үздігі деп есептейді. Бұл ел әлем бойынша бірнеше ондаған брендтің көліктеріне қосалқы бөлшектер жеткізеді. Сондықтан олар  ресейлік автомобильдермен қатар, РФ-да пайдаланылатын шетелдік көліктер үшін де құрамдастар өндірісімен айналыса алады.

Жақында Ресей Үндістанға автомобиль, ұшақ және пойызға қажетті 500-ден астам құрамдастың тізімін жіберді. Reuters агенттігінің мәлімдеуінше, осыған ұқсас тізімдер бірқатар басқа мемлекеттерге де жіберілген.

Биыл Украинадағы жағдайға байланысты бірқатар әлемдік автомобиль өндірушілері Ресей нарығынан кеткен соң, көлік өндірісіне арналған қосалқы бөлшектер мен құрамдастарға сұраныс артыпкетті. Сонымен қатар, құрамдастар өндірісін ретке келтіруде Мәскеуге Тегеран өз көмегін тигізді. Бұдан дейін Иран Ресейге жалпы құны 300 миллион доллар тұратын автомобильдер партиясын жеткізетіні белгілі болды.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
02.12.2022, 11:00