Ресейде Қытай көліктерін сататын дилерлік орталықтар саны мыңға жетті
Соңғы бір жарым айда Ресейде қытайлық өндірушілердің 170 жаңа автосалоны ашылды.
Ресейде Қытай автомобильдерін саудалайтын дилерлік орталықтардың саны мыңға жетті, деп хабарлайды «Автостат» агенттігі.
2022 жылғы 30-шы қарашадағы жағдай бойынша, Ресейдегі Қытай маркаларын сататын диллерлердің жалпы саны мыңға жетті. Ресейлік агенттік мұндай деректерді дистрибьюторлардың ресми сайттарын бақылау нәтижесінде алды. Қазан айының ортасында қытай көліктерін саудалайтын диллерлер саны — 830, қарашаның басында 936 болды. Осылайша соңғы бір жарым айда 170 жаңа диллерлік орталық пайда болды. Бір айда шамамен 65 сату орталығы қосылған.
«Автостат» мәліметінше, соңғы 10 жылда бұл көрсеткіш екі есеге артқан. Мәселен, 2012 жылдың соңында Ресейде 525 қытай маркаларын сататын дилерлер болған. Ол кезде тек алты қытай маркасы ұсынылған еді. Ал ең ірі дилерлік орталық Lifan (120 дилер) болды. Сол кезде Chery, FAW, Geely, Great Wall және Haima-ның жүзге жуық ресми автоорталығы бар болған.
Сондай-ақ, сарапшылар «қытайлық» дилерлердің саны соңғы 5 жылда үздіксіз өсіп келе жатқанын айтты. Ал биыл олардың саны тіптен артқан. 2022 жылдың басында дилерлік орталықтың саны 723 болды, бұл қазіргі көрсеткіштен 40%-ға аз. Күзде дилерлердің саны артып кетті, оған себепші жаңа OMODA маркасы. Қысқа уақыт ішінде аталмыш марка 96 ресми автоорталықтан тұратын жеке дилерлік желісін құрды.
Оған қоса, осы күзде Skywell «электрлі бренді» жаңадан 17 автосалоннан тұратын дилердік желісін ашты. Соңғы уақытта EXEED маркасында тағы 17 диллерлік орталық (қазір олардың саны 98) пайда болған. Аспанасты елінің Ресейдегі басқа өкілдеріне келетін болсақ, қазір Geely—127, Haval ― 120, Changan ― 104 және FAW-да 102 дилерлік орталық бар. Соңғы бір жарым айда аталған маркалардың барлығына кемінде 2-ден 6-ға дейін дилерден қосылған.
Аспанасты елінінің көліктері тағы бір себеппен жоғары сұранысқа ие. Ол — Ресейге қарсы енгізілген санкциялар. Соның салдарынан, көптеген шетелдік өндірушілер (АҚШ, Жапония және Еуропа) көліктерін Ресей нарығына жеткізуді тоқтатты. Тиісінше, ресейлік дилерлер ҚХР брендтеріне ойысты. Қытай Ресейде жұмысын жалғастырып, орталықтардың және шетелдік маркалардың саны бойынша көш басында тұр.
Егор Васильев, корреспондент
04.12.2022, 14:00