Ресей нарығында қытайлық жүк көліктерінің саудасы артты
Қараша айында ресейліктер 3,6 мың қытай маркалы жүк көлігін сатып алған.
«АВТОСТАТ» агенттігінің мәліметінше, 2022 жылдың қараша айында Ресейде қытайлық маркалы 3,6 мың жүк көлігі сатып алынған. Бұл сегменттегі сауда көрсеткіші өткен айда өте жоғары нәтиже көрсетті.
Дей тұрғанмен, ресейлік жүк көліктер де артта қалар емес — шамамен 3,5 мыңы саудаланған. Жүк көлігі нарығында қытайлық — 45,6%, ресейлік жүк көліктер 43,7%-ын құрайды.
Қытай (430%) және Беларусь (28%) өндірісінен шыққан жүк көліктерінің сату деңгейі өскені байқалады. Қараша айында ресейлік брендтердің саудасы 16%-ға төмендеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда қытайлық жүк көліктерінің «сұр» импорт мәселесі көтерілген болатын. Жыл сайын Кеден Одағының техникалық регламентінің талаптарына сай келмейтін көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігіне берілген 200-дей куәліктің күші жойылады.
Егер 2017 жылы қытайлық жүк көліктерінің импорты 2016 жылмен салыстырғанда 59%-ға өссе, ал 2022 жылы 2020 жылмен салыстырғанда 52%-ға өскені байқалды. Қытайлық көлік техникасының күрт артып кетуінің себебі - ҚХР-дан әкелінетін өнімнің (негізінен ауыр жүк көліктерінің) өзіндік құнының арзандығында. Яғни экологиялық 2 санаттағы жаңа автомобильдерді экологиялық 4 және 5 санат ретінде әкеліп сатып жатыр.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
08.12.2022, 11:00