Меню CARMA.KZ

Қазақстандықтардың ақылы жолдар үшін қарызы 5 млрд теңгеден асты

Қарыз бірнеше жыл көлемінде өтеліп бітпек.

Қазақстандықтардың ақылы жолдар үшін қарызы 5 млрд теңгеден асты / Фото: ainews.kz
Қазақстандықтардың ақылы жолдар үшін қарызы 5 млрд теңгеден асты / Фото: ainews.kz

ҚР ИИДМ автомобиль жолдары комитетінің деректері бойынша, қазақстандықтардың ақылы жолдар үшін берешегі 5 млрд теңгеден асып жығылды. Аталған сома 2021 жылдың 23 қарашасынан бастап, 2022 жылдың 1 желтоқсан аралығында жинақталған.

«Мысалы, Қызылорда облысы. Жергілікті тұрғындармен келісімге қол қойдық, егер олардың 300 мың теңге қарызы болса, олар берешегін кесте бойынша ай сайын төлейді. Біз бұл соманы 2 жыл көлемінде қайтарамыз деп ойлаймын. Сондай-ақ, қарызды төлемейтін азаматтардың деректерін сот орындаушыларына жібердік. Осының арқасында жалпы берешек азаяды», — деді ҚР ИИДМ автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Жамбыл Бақтияр.

Ол қазір басқа елдердің көліктері жол ақысын төлемеуі өзекті мәселе болып отырғанын айтты. Сондықтан ИИДМ заң жобасын дайындады. Оны Сенат мақұлдап, президентке қол қоюға жіберілген  Заңнама қабылданған жағдайда, болашақта шетелдік көліктердің ақылы жолдармен жүргені үшін берешегі бар болса, олар Қазақстаннан тыс жерге шығу мүмкіндігінен айырылады.

Бұған дейін ҚР ИИДМ автомобиль жолдары комитетінде ақылы жолдармен жүруге қолданыстағы тарифтер 2013 жылдың деңгейінде белгіленгенін айтқан болатын. Ведомство 2023 жылы жол жүру құнын арттырмайды.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
06.12.2022, 11:00